Туберкулезге қарсы вакцина пайдасыз болып шықты

Туберкулезге қарсы вакцина пайдасыз болып шықты

Туберкелезге қарсы жасалған MVA85A вакцинасы ауруды қайтара алмайтын болып шықты.

Аталған препаратты тексеру үшін мыңдаған адамға тәжірибе жүргізілген. Айта кетелік, туберкулездің вакцинасына қатысты мұндай масштабты тәжірибе 1921 жылдан бері болып көрмеген.

Жаңа қосылыс Оңтүстік Африкада өмір сүріп жатқан 4-6 айлық 2794 балаға егілді. Қатысушылардың жартысына вакцина егілсе, екінші бөлігіне плацебо салынған. Осылайша сәбилер 2 жыл бойы бақылауда болды.

Нәтижесінде бірінші топтан 32 бала, екінші топтан 39 бала туберкулезге шалдықты. Жалпы алғанда вакцинаның тиімділігі 17 пайызды құрады.

Оксфорд университетінің профессоры Хелен Макшейн бұл жобаға 10 жыл уақытын сарп еткен екен. Дегенмен осы уақытқа дейін MVA85A-ның қауіпсіздігі мен ересектердің иммунитетін күшейтетіндігі ғана дәлелденген.

Айта кетелік, қазір әлемде туберкулезге шалдыққан 8,7 миллион адам тіркелген. Ал жыл сайын әлем бойынша 1,4 миллион адам осы дертің себебінен өмірмен қош айтысады. Сонымен қатар, Оңтүстік Африкадағы ЖҚТБ-ға (СПИД) шалдыққандардың көп бөлігі туберкулезден көз жұматындығын да айта кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: wordscience.org

Massaget