Ағза қуатын көтеретін азық-түліктер

Ағза қуатын көтеретін азық-түліктер
Фото: Enemon

Тез шаршау, ұйқышылдық, қалжырағандық, көңілсіздік – олардың бәрі өмірлік қуат деңгейінің түсіп кеткендігін білдіреді. Онымен күресу үшін тамақтану үлесіңізге энергетикалық азық-түліктерді қосқан жөн.

Ағзаның қуатын қалай көтеруге болады?

Адам ағзасындағы өмірлік күш деңгейі мен тонусын көтеру қасиеті нақты байланысқа ие. Бірі органикалық заттар тобына жатса, басқалары минералды түріне жатады. Кепілді нәтиже алу үшін күнделікті мәзіріңізде осы екеуінен де тұратын микробөлшектері бар тағамдар болуы керек.

Адам ағзасына қуат беретін химиялық белсенді құрамалар тізімі мынадай болып келеді:

Ақуыздар. Олар шаршағандықпен керемет күресушілер. Сонымен қатар олар ұзаққа дейін қарын ашытқызбайды. Ақуыздың көп мөлшері балықта, етте, жаңғақтарда және бұршақты дақылдарда болады.
- Көмірсулар. Күрделі көмірсулар ұзаққа дейін шаршамауға көмектеседі.
Қанықпаған майлы қышқылдар. Омега-3 көп қанықпаған майлы қышқылдарына аса мән беру керек. Олар табиғатынан антиоксиданттар болып табылады, яғни бос радикалдарды жою арқылы қалпына келуге көмектеседі және жеткілікті қуат деңгейін береді. Омега-3 қанықпаған майлы қышқылына бай өнімдерге балық майы, теңіз және қызыл балық, өсімдік майлары жатады.
- Аскорбин қышқылы. С дәрумені де антиоксиданттар тобына жатады. Аскорбин қышқылы ағзаның темір микроэлементін сіңіру деңгейін жоғарылатады. Темір – адам денесінің қуатын көтеретін химиялық зат. Бұл дәрумен мүкжидекте, қарақатта, цитрус тұқымдастарда және итмұрын жемісінде болады.
- Селен. Ол адамның көңіл күйін жақсартады және өмірлік күшін арттырады. Селен – дәнді дақылдар, жаңғақтар, жасыл жапырақты өсімдіктер, сарымсақ пен көк жуаның міндетті құраушысы.
- Магний. Бұл минералды зат глюкозаны энергияға айналдыратын биохимиялық реакцияға қатысады. Сонымен қатар, оның зат алмасуда ойнайтын рөлі көп. Оның көп мөлшері балық етінде, дәнді дақылдарда, сүт қышқылды өнімдерде және шекілдеуіктерде болады.

Энергетикалық азық-түліктер

Өзіңізді сергек әрі энергияға толы сезіну үшін мына өнімдерді тамақтану үлесіңізге қосыңыз:

Сұлы жармасы. Бұл дәнді дақылдың басты құраушылары – протеин, жасұнық, магний, фосфор және В дәрумендер тобы. Химиялық құрамға бай сұлы жармасы адам ағзасының қуатын ұзақ уақытқа көтереді. Бұл нәтижені одан да пайдалы ету үшін сұлы жармасынан жасалған ботқаға грек жаңғағын немесе жидек джемін қосып жеңіз.
Саумалдық (шпинат). Оның құрамында селен мен темірдің жеткілікті мөлшері бар. Сонымен қатар, ол с дәруменіне, магний мен калийге бай. Ол күштің азаюымен күресіп, адамға сергектік сезімін қайтарады.
Үрме бұршақ (фасоль). Құнарлы бұршақтар ұзаққа дейін қарын ашытқызбайды және түрлі зиянды жинақтарды ағзадан шығарып тастайды.
Анар. Оның лағыл түсті түйіршіктері дәрумендер мен минералды тұздарға бай. Оның адам ағзасындағы энергия деңгейіне әсер ететін құраушыларына кальций, мырыш, калий, магний, аскорбин қышқылы, В дәрумендер тобы, Е дәрумені және рутин кіреді. Анар жемісін тамақтануыңызға жиі қолдану энергетиканы көтеруден басқа тәбетті жақсартады және иммунитетті бекітеді.
Майсыз тауық еті. Ол өмірлік күштің түсуімен жақсы күресетін аминқышқылдармен және темір микроэлементімен құнарланған. Майсыз тауық еті жүйке жүйесінің жұмысын да реттейді.
Скумбрия. Скумбрия – В12 дәруменінің қайнар көзі. Ағзаңызға скумбрияның пайдасы болуы үшін оны қайнатылған немесе буда бұқтырылған күйінде жеген жөн.
Жаңғақтар мен шекілдеуіктер. Ағзаның энергия деңгейін жоғарылатуға бадам жаңғағы, кешью, пісте, бразилия жаңғағы, орман жаңғағы (фундук), күнжіт және күнбағыс шекілдеуіктері көбірек көмектеседі. Бұл айтылған өнімдердің барлығында көңіл күйімізге әсер беретін ақуыз және триптофан аминқышқылы бар.
Банан. Ол қарныңызды ұзақ уақыт тоқ ұстайды. Банан энергиямен қуаттайды және бас миының жұмысын жақсартады.
Сүзбе. Бұл ақуызды өнім ағзаға тез сіңеді. Сүзбеде ұзақ және жоғары жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ететін пайдалы құрам бар.

А. Жапатова