Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Теріні ақшыл ететін азық-түлік

Теріні ақшыл ететін азық-түлік

Теріні ақшыл ететін азық-түлік

Терінің тегіс әрі ақшыл болуы маскалар мен скрабтар қолдануға ғана байланысты емес, сонымен қатар күнделікті тамақтану мәзірімізге де тәуелді. Ендеше, теріні жарқын әрі жібектей ететін азық-түлік түрлерін ұсынамыз. 

Сәбіз

Сәбіз — теріні қалпына келтіретін азық-түлік. Ол терінің иілгіштігін сақтайтын А және Е дәрумендеріне бай. 

Алма

Алма С дәруменінің және темірдің қайнар көзі, ал алманың қабығында теріні күннің көзінен қорғайтын квертецин және антиоксидант бар. Сонымен қатар, алма ішектердің жұмысын реттейді. Іш қату болмаса, безеу де болмайды. Табиғи алма сіркесі де осы айтылған пайдалы қасиеттерге ие, сондықтан алма сіркесімен кез келген салатты араластырып, сондай нәтижеге жетуге болады. 

Бұрыш

С дәрумені апельсинге қарағанда тәтті бұрышта көп болып келеді. Ал ащы бұрыштар сортының құрамында капсаицин болғандықтан теріні инфекциядан қорғайды. 

Қызанақ

Қызанақтың және қарбыздың құрамында болатын ликопин теріні күн көзінен қорғайды және оның ерте қартаюының алдын алады. 

Қарбыз

Шөлді жылдам қандыру және ағзадағы зәрді шығару қасиетімен қатар қарбыз ликопинге, А және С дәруменіне бай. 

Цитрус жемістері

Апельсин, мандарин, лимон және грейпфрутты күнделікті тамақтану мәзіріңізге қосқан жөн. Егер теріңізді ағартқыңыз келсе, бетіңізге лимон суын жағыңыз немесе күнде таңертең аш қарынға лимон және бал қосылған су ішіңіз. 

Кокос майы

Кокос майы – экзотикалық әрі әсері күшті өнім. Кокос майы денеге жағатын құрал ретінде де тамақ ретінде де өте пайдалы. Ол теріңізді жұмсартады және ас қорыту жүйесін жеңілдетеді. 

Қара шоколад

Қара шоколадты мөлшермен жесеңіз, оның пайдасы мол. Қара шоколадтың құрамында болатын флаваноидтар теріні күннің көзінен қорғайтын антиоксидант ретінде жұмыс істейді.

Құлпынай

Құлпынайдың құрамындағы қышқыл коллаген бұзылуының алдын алады. Құлпынай — безеуге қарсы құрал ретінде де тамақ ретінде де ағзаға пайдалы жидек. 

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: www.artfile.ru
Қосылған күні: 27 шілде 2016, 14:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.