Банан жеуге 5 себеп

Банан жеуге 5 себеп

Банан - дәмді, жеңіл жеміс. Ол ағзада тез қорытылып, денсаулыққа әкелер пайдасы мол. Одан басқа да бананның пайдалы қасиеттері келесідей.

  1. Бананның 100 граммында - 376 мг калий бар, бұл шама артық сұйықтықты ағзадан шығару үшін жеткілікті.
  2. Бұл жеміс серотонин немесе "бақыт гормонын" бөлуге қатысады. Бір банан жеу арқылы сіз көңіліңізді жайдары қылып, жүрек-тамыр ауыруларының дамуынан өзіңізді қорғайсыз.
  3. 100 грамм бананда 2,3 грамм жасұнық (клетчатка) болады. Ол қан құрамындағы холестериннің шамасын төмендетіп, жүректі аурулардан сақтайды.
  4. Ауыр жұмыс күнінен кейін тынығып дем алуға банан сусыны көмектеседі. Банан және басқа да сүйікті жемістеріңізді (манго, ананас) блендерде үгітіп, йогурт, бал, апельсин шырынын қосыңыз.
  5. Банан - мықты афродизиак. Калий, А дәрумені, табиғи қанттар күтпеген сезімдердің бастамасы бола алады.

Ал сіз бананды ұнатасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: rostovurolog.ru

С. А