Лимонның сіз білмейтін құпиясы

Лимонның сіз білмейтін құпиясы
Фото: rus-health.info

Лимонның емдік қасиеттері мен адам өміріне пайдасы орасан зор екендігін бірі білсе, бірі білмейді. Кейбір медицинадан мақұрым жандар шайға қосылатыны мен қышқыл болатынан ғана хабардар. Бүгін біз сіздерге осы бір сары жемістің қандай керемет пайдасы бар екендігін тілге тиек етпекпіз. 

Қышқыл әрі ерекше дәмі бар өсімдік маңайының барлығын тазартады. Сонымен қатар иммунитетті көтеріп түрлі вирустарды жоюда өз пайдасын тигізеді. Лимон жемісі айналасын хош иіске бөлейді. Сондай-ақ депресиядан шығуға көмектеседі. Мұны білетін мамандар элиталы мейрамханалардың маңайына осы бір өсімдіктің ағашын отырғызады. Келген қонақтар өздерін жайлы сезініп, қайтадан бас сұғуға ұмтылады. Бір жағынан бұл да пайдалы кәсіптің біріне тигізіп жатқан көмегі.

Мамандардың айтуы бойынша сары өсімдік адамның басындағы терісін жақсы тазалайды. Бұдан бөлек теріге шыққан безеу, өзге де ауруларды жоюға көмектеседі.

Лимонды екіге бөліп, ауырып тұрған мүшелеріңізге тигізсеңіз, ондағы микробтарды жоя алады.

Сондай-ақ тырнағыңызға дерт пайда болып тыныштық бермесе лимон басып қойсаңыз көмегі тиері сөзсіз.  Егер жылы сумен лимон өсімдігін ішсеңіз артрит, ревматизм сынды аурулардың алдыл алуға болады. 

Лимонды күнделікті пайдалану бетті тазалап қана қоймай әжім түсуден сақтайды. 

Лимонды төрт бөлікке бөліп, ыдысқа салып бөлмеге қойсаңыз үйдегі ауаны тазалайды. Егер сізде астма, тымуа немесе аллергия сынды аурулар болса мұрныңызбен иіскесеңіз деміңізді ашып рахатқа бөлейді. 

 

B. ZHAQSYMBET