Лимон қабығын тастамаңыз...

Лимон қабығын тастамаңыз...

Лимон - көптеген ауруға шипа. Өйткені лимон дәруменге бай. Бас ауырғанда, қантсыз кофеге лимон тамызып ішу керек. 

Лимонды тырнақты қатайту үшін пайдалануға болады. Оны тырнаққа жағып, лимон шырыны қосылған ванна қабылдаңыз. Көк шай мен лимонды араластырып, бетке маска дайындауға болады. Ол бетіңіздің шырайын ашады. Лимон қосылған сумен шашыңызды шайсаңыз, ол шашыңызға көлем береді. Лимон қосылған суға аяғыңызды салсаңыз, аяқтың шаршауы басылады. Лимонмен табанды сүртіп тұру керек. 

Лимон қабығын тастамаңыз. Оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіссу дайын болады. Онымен денені, шашты шаюға болады. 

Сурет: woman.ru

Оқи отырыңыз:

Лимон қосылған судың пайдасы

Лимон жеген балақайлар

Арықтауға арналған сусындар

М. Оңғарова