Лимон-бал диетасы

Лимон-бал диетасы
Фото: polzovred.ru

Лимон-бал диетасы жылдам аяқталатын диеталардың бірі, ұзақтығы небары екі күнге созылады. Осындай қысқа мерзім ішінде көп салмақтан арылуға көмектеседі. Бұл ішкі қорда жиналып қалған майдың бөлініп шығуына кепіл береді.

Барлық шектелген диета секілді бұл да ағзадағы артық майлардан құтылып, майлы тіннің ыдырауын қамтамасыз етеді.

Лимон-бал диетасы мәзірінде күні бойы барлық тағам түрінен бас тартасыз, орнын жоғары қышқылды сұйықтықпен толтырасыз. Ол үшін мынадай қоспа дайындау керек. 3 литр газдалмаған су, 15 лимонның сығындысы, 50 грамм бал аламыз.

Көп мөлшердегі лимон қышқылы аштық сезімін туғызбайды. Бал құрамындағы глюкоза мен сахароза майды ыдыратады, ақуыз ағзадағы май құрамын азайтқандықтан, артық салмақ өздігінен жойылатын болады. Лимон қышқылы ағзадағы артық заттар мен уыттарды шығарады.

Қоспа құрамында бал бар болғандықтан, басқа диеталарға қарағанда оңайға соғады. Себебі бал адамға күш беріп, ағзаны нәрлендіреді. Лимонды-балды диета күріш диетасы секілді целлюлитпен де күреседі.

Дайындалған қоспадан өзге минералды су не көк шайды шексіз мөлшерде қабылдай беруге болады.

Бұл диета түрін бүйрегінде тас бар және басқа да аурулары бар адамдар дәрігердің рұқсатынсыз ұстануға болмайды. Дені сау адамдардың өзі екі күннен ұзартуға тыйым салынады.

@. @assel_assanova