Қартаюдан қорқатын адамдар үшін

Қартаюдан қорқатын адамдар үшін

Адам бірден қартайып кетпейді. Есте сақтау қабілетінен, тез шаршап-шалдығудан, жүйке жүйесінен ақырындап көрініс бере бастайды. Оның алдын алу үшін дер кезінде түрлі ем, жаттығу, дұрыс тамақтану, демалу арқылы сақтана білмесеңіз, кәрілік бойыңызды қалай билеп алғанын байқамай қаласыз. Адам өзін сергек сезінуі көңіл-күйі көтеріңкі, рухы мықты болуы және дұрыс өмір сүруінде, өзгелерге жақсылық жасап, ұл-қыздарының қуаныш-қызығын көруінде.

Қартаю– табиғи құбылыс болғандықтан бәріміз де қартаямыз. Бастысы, әдемі қартая білу. Осы орайда жастықты сақтап, қартаймаудың кейбір амалдарын ұсынамыз.

1. Шынығуды бастаңыз

Денені шынықтыру шаралары  адамды 10 жасқа жасартады екен. Соның ішінде аэробикамен айналысқандардың жүрек жұмысы жақсарып, күш-қуаты артады, түрлі жарақаттардан сақтайды. Ал күнделікті таңертеңгілік жүгіру, түрлі дене жаттығуларымен айналысу сізді ерте қартаюдан құтқарады.

2. Дәрумендерді көп пайдаланыңыз

Тағам құрамындағы А, С, Е дәрумендері жүрек және қатерлі ісік ауруларынан қорғайды. Олар адам ағзасындағы бос радикалдардың деңгейін төмендетеді, ағзаны әлсірететін молекулаларды жояды. Сол себепті мұндай дәрумендер қай тағамдарда болатынын білген абзал.

3. Аспирин қабылдаңыз

Күнара 81 мг аспирин қабылдасаңыз тамырдағы қоюланып, ұйыған қандардан, зиянды заттардан тазарасыз. Аспирин жүрек ауруынан ғана сақтап қоймай, қатерлі ісік, көз ауруы, өтке тас жиналу дертінен де қорғап, иммундық жүйке жүйесін нығайтады.

4. Күн сәулесінен қорғаныңыз

Күн сәулесінен бөлінетін зиянды заттар адамды тез қартайтады. Ыстық күндері одан крем, қолшатыр арқылы қорғана біліңіз. 

5. Ұйқыңызды қалыпты ұстаңыз

Адамның ұйқысы қанбай, демалуы бұзылса, кез келген жаста ол өзін кәрі сезінетін болады. Қатты шаршау – физикалық белсенділікті төмендетіп, ойлау қабілетін нашарлатады. Сондықтан, белгілі бір уақытта ұйықтап, белгілі бір уақытта тұрыңыз.

6. Өзіңізді жақсы сезініңіз

Адам өзін жас қалпында сақтауы үшін әрдайым жақсы нәрселер ойлау, өзін жас сезінуі тиіс. Өмірге деген көзқарасы да жоғары болу керек және қиындықтардан қашпай, өзіңізге, жақындарыңызға жақсылық жасайтын болсаңыз, бүкіл рухани жан-дүниеңіз айрықша күш-қуат алып, ағза қартаймайды.

7. Балық майын қабылдаңыз

АҚШ-та балық майы фармацевтикалық дәрі ретінде тіркеліп, оған «кәрілікке қарсы» деген атау берілген. Балық майы күйзеліс, псориаз, артрит, сүт безі қатерлі дерті, авитаминоз (А жне Д дәрумендерінің жетіспеуі), жара, күйік, тромбофлебит, атеросклероз секілді дерт түрлеріне дауа болады. Сүйектің жарылуын болдырмай, көздің жақсы көруін қамтамасыз етеді. Гректер күніне 10 грамм балық майын қабылдап тұру - жүрек ауруын болдырмайтынын ертеден-ақ айтып келеді.

8. Күш беретін тағамдар тұтыныңыз

Жүзімнің құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп. Жүзімді көп жейтін адамдар дертке аз шалдығады екен. Түстен кейін қос уыз жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығындысын ішу ағзаға, ми жасушаларына әрі пайдалы, әрі шипалы. Асқазан, ішек, бауыр аурулары мазалайтын және қаны аз, ревматизмге тап болған, қан қысымы жоғары кісілерге жүзімді күнделікті жеп тұру қажет. Жүзім иммунитетті күшейтіп, жүйкені тыныштандырады. Темекі шегетін кісілерге жүзім жеу ұсынылады. Себебі жүзімнің құрамында антиоксиндер бар.

Сөз соңында айтарымыз, жаны сұлу адамдар сұлу қартаяды. Сондықтан, қартаймаудың негізгі емі – салауатты өмір сүру салтын ұстану мен өн бойындағы мәдениеттілік, ағартушылық, дұрыс тәлім-тәрбие деңгейі төмендемеуінде. Сондықтан әдемі қартайғыңыз келсе, осы бастан өзіңізді қолға алыңыз. Жалқаулық, еріншектік, аз қимыл адам өмірін қысқартады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл