Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Денім сау болсын десеңіз

Денім сау болсын десеңіз

Денім сау болсын десеңіз

Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, адам баласы әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады.

Дұрыс тыныс алу. Терең демалу. Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз.

Белсенділік танытыңыз. Жаман әдеттерден сақ болып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Шеңбер айналдырып, көп уақытты физикалық қимыл-әрекеттерге бөліңіз. Тіпті, жұмыс уақытында ара-тұра үзілістер жасап, далаға шығып, таза ауада 10-15 минут серуендеңіз.

Дұрыс тамақтаныңыз. Жартылай фабрикаттар, қатты қуырылған тамақтардан, газды сусындардан, фаст-фуд тамақтарынан аулақ жүріңіз! Бұл тамақтардың орнын жеміс-жидектер мен көп шөппен алмастырыңыз.

Дәрумендерді пайдаланыңыз. А, В, С, Е т.с.с. дәрумендер адам ағзасына өте қажет. Бұл дәрумендерді дәріханалардан сатып алуға болады. Алайда, олардың азық-түлік құрамында да болатынын естен шығармаңыз. Мысалы, А дәрумені қауын, мандарин, сәбіз, жұмыртқа, балық, көп шөпте т.б. көптеп кездеседі. Цитрус жемістерінде кездесетін С дәрумені ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, иммунитет пен қан айналымын жақсартады.  Е дәрумені жаңғақтар мен өсімдік майларында кездеседі.

Бу ваннасын қабылдаңыз. Түймедақ, ақжелкен, аскөк, балдыркөк, қымыздық, зире т.с.с. өсімдіктерді араластырып не жеке-жеке алып жарты литр суға салып, қайнатыңыз. Содан кейін ыстық буға бетіңізді тосып, 5-10 минут ем қабылдаңыз. Кейін суыған соң, жылы сумен бетіңізді шайып жіберіңіз. Ыстық бу бетті тазартып, теріні нәрлендіреді.

Табиғи косметиканы пайдаланыңыз. Дүкен сөресіндегі көзін жауын алатын косметикалық бұйымдарды сатып алғанша, пайдасы мол табиғи косметикаға зер салыңыз. Табиғи өнімдермен ауқаттанып қана қоймай, одан маска жасап, теріңізді нәрлендіріңіз. Зияны көп сабындардың орнына, емдік қасиетке бай сабындарды пайдаланыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Сурет: choice.if.ua

27719 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 30 шілде 2012, 13:30
Пікірлер
+0
30 шілде 2012, 14:07

бу ваннасын қабылдап көрмеппін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...