"Жақында кетемін, көп көңіл бөлмей-ақ қойыңдар" депті". Композитор Арман Дүйсенов туралы естеліктер айтылды

"Жақында кетемін, көп көңіл бөлмей-ақ қойыңдар" депті". Композитор Арман Дүйсенов туралы естеліктер айтылды
Фото: instagram.com

Танымал өнер жұлдыздары "Төрлетіңіз" бағдарламасында сазгер, продюсер, тележүргізуші Арман Дүйсеновті еске алды. Әнші Мұқасан Шахзадаев сазгердің өмірінің соңғы кездері туралы айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Арман Дүйсенов көмекшісіне "жақында кететінін" айтқан.

"Соңғы өмірінде Азамат көмекшісі болып, інісі болып көп қасында жүрді. Бір жолы менің студиямда Азамат отыр екен. Ән жазып отыр екен. Екеуміз кішкене әңгімелесіп қалдық. Азаматқа сұрақ қойдым: "Азамат, Арман соңғы өмірінде ерекше айтқан сөздері бар ма? Не болды?" дедім. Сол кезде Азамат айтты: "Арман соңғы өмірінде "болды, маған көп көңіл бөлмей-ақ қойыңдар, жақында кетемін, маған көңілдеріңді көп бөлмеңдер, мен мына өмірден шаршадым" деп айтыпты", - деді Мұқасан Шахзадаев. 

Еске салайық, биыл қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. 

"Тегін бере салатын". Композитор Арман Дүйсеновтің ел есіндегі танымал әндері

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова