Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті
Фото: Instagram

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Бұл туралы әнші Индира Елемес Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Арман ағау. Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын!"  - деп жазды әнші Индира Елемес Желіде.

Massaget.kz тілшісіне Индира Елеместің ресми өкілі бұл ақпаратты растап, композитордың жүрегі тоқтап қалғанын айтты.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол - композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова