Басшылық жұмысқа кешіккеніңіз үшін сізді жұмыстан шығара ала ма? Заңгер жауабы

Басшылық жұмысқа кешіккеніңіз үшін сізді жұмыстан шығара ала ма? Заңгер жауабы
Фото: ru.freepik.com

Басшылық жұмысқа кешіккеніңіз үшін сізді жұмыстан шығара ала ма? Бұл сұраққа заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер егер жұмысқа кешіксеңіз, басшыңыз алдымен ескерту жасауға, одан кейін жұмыстан шығаруға құқығы барын ескертті.

"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес сіздің жұмыс берушіңіз сіз егер жұмысқа кешігетін болсаңыз, бірінші сізге түсініктеме беру арқылы ескерту жасауға, сөгіс жариялауға, қатаң сөгіс жариялауға және жұмыстан шығаруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 52-бабына сәйкес егер сіз жұмыста 3 сағат бойы ешқандай себепсіз жоқ болған болсаңыз немесе мас күйінде жұмысқа келсеңіз, онда жұмыстан шығаруға құқығы бар.

Бұл жерде дәлел есебінде сіздің жазып берген түсініктемелеріңіз болады. Ал егер бұл дәлелдер - түсініктемелер жоқ болса, онда еңбек инспекциясына шағымданып, тексеріс жүрігізіп және азаматтық тәртіппен азаматтық сотқа шағым жаза отырып, сіз өтемақы өндіре аласыз және жұмысыңызға қайта орала аласыз", - деді Мұхамедияр Дүйсенғали.

Еңбек кодексі бойынша, жұмысқа бір минутқа кешігіп келу заң бұзушылық па?

"Жұмысқа кешіктірілгенге не жатады?" деген сұраққа жауап жоқ. Яғни, заңда мұндай термин жоқ. Әдетте бұл туралы еңбек шартында жазылады. Қазір барлық жерде қызметкерлердің келу-кету уақытын бақылайтын автоматты жүйелер орнатылған. Яғни, ол бойынша 1 минут кешіксеңіз де, 10 минут кешіксеңіз де екеуі де кешігу болып есептеледі.

Ал, кешігіп келу - тәртіптік құқық бұзушылық болып табылады. Бірақ, тек кешігіп келгені үшін қызметкерді жұмыстан шығару мүмкін емес. Өйткені, мұндай құқық бұзушылық бір реттік (жалпыға жатпайды).

Бірақ, жұмыстан шығармайды деп кешіге бермеңіз! Тәртіпке бағынған құл болмайды! Сол себепті, барынша жұмыс жасаған жеріңіздің тәртібіне бағынып жұмыстан кешікпеуге тырысайық", - деп кеңес берді маман.

Психолог кешікпеуге көмектесетін 4 лайфхак ұсынды

А. Жапатова