Психолог кешікпеуге көмектесетін 4 лайфхак ұсынды

Психолог кешікпеуге көмектесетін 4 лайфхак ұсынды
Фото: pixabay.com

Неліктен үнемі кешігіп жүресіз? "Кептелісте тұрып қалдым", "жұмыстың көптігінен кеңседен кеш шығып қалдым" немесе "үйдің кілтін таба алмай біраз жүріп қалдым" деген секілді сылтаулар айтуыңыз мүмкін. Алайда шындыққа тіке қарайтын болсақ, бұл адамның уақытты жоспарлай алмайтынын және алдын болжай алмайтындығын көрсетеді. Кейде үнемі кешігу әдетке айналып кететіні соншалық, бұл оның өмірінің бір бөлігі болып кетеді. Бұл әдеттен қалай арылуға болады? Психолог Елена Митрохина Doctorpiter порталына бірнеше пайдалы лайфхак ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біріншіден, оятқышыңызды әдеттегі уақыттан 10-15 минутқа ерте қойыңыз.

Екіншіден, күнде ұйықтарда ертеңге арналған істер тізімін жасаңыз да, ол қағазды үй кілтінің қасына немесе сөмкеңізге салып қойыңыз. Сондай-ақ тізімді бірден смартфонға жазуға болады. Күнде таңертең сол тізімді қарап, жасау керек нәрселерді бір рет еске түсіріңіз.

Үшіншіден, жолға көбірек уақыт бөліңіз. Егер баратын жеріңізге 30 минут кететінін білсеңіз, 20 минутта да жетуге болады демей, керісінше, үстіне уақыт қосып есептеңіз.

Төртіншіден, уақыттың саналы саяхатшысы болыңыз. Жұмыстар мен міндеттердің ұзақтығын бағалауды үйренетін уақыт келді. Үнемі асығып, жүгіріп жүрмей, қандай да бір жерге уақытында және сабырлы күйде келуді үйреніңіз.

Табысты адамдар керісінше жасайтын 11 әрекет

А. Жапатова