Chanel № 5 әтірі қалай пайда болды?

Chanel № 5 әтірі қалай пайда болды?
Фото: vk.com

Адамның талғамы мен темпераментін бірден көрсете алатын ерекше дүние - әтір. Ол арқылы алғаш кездескен адамыңыздың кім екенін ұғынуға болады. Ал Коко Шанель туындысы қашан да асқақ мінез бен биік талғам символы болып қала бермек.

Chanel № 5 әтірінің сипаттамасы:

Шығарылған жылы: 1921
Парфюмер: Эрнест Бо
ТобыГүлді альдегидті
Жарнамалаушы: Жизель Бюндхен (Катрин Денев, Николь Кидман, Одри Тоту және т.б.)

 

Коко Шанельдің тапсырысы бойынша белгілі парфюмер Эрнест Бо арнайы 10 композиция жасап шығарған. Коко нағыз әйел иісінің үлгісі болардай әтір таңдау жолында қателеспеді. Ол 10 үлгінің ішінен бесіншісін таңдаған болатын.

Шанель әтірді төртбұрышты құтыға құйғызып, қарапайым декормен көркемдеді. Себебі, Коко Шанельдің ұстанымы осы болатын. Осылайша Коко тағы да жаңашыл революционер ретінде танылды. Бұл жолы ол парфюмерия шыңын бағындырды. Ал, сол заманның ең атақты күміс экран жұлдызы Мэрилин Монроның айтқан сөзі әтірдің жарнамалық ұранына айналып кетті.

Бір күні журналистің "Сіз не кигенді ұнатасыз?"- деген сұрағына Монро: "Chanel № 5 әтірінің бірнеше тамшысын ғана", - деп жауап берген екен.

А. Оралқызы