Сән әлеміне саяхат

Сән әлеміне саяхат
Фото: Vgorode.ua

Дұрыс ойланып жасалған іс ешқашан өз құнын жоймайды. Сән әлемінің ханымы Коко Шанельдің сән әлеміне енгізіп кеткен қағидалары мен ережелері күні бүгінге дейін өзекті, әрі жан-жақты қолданысқа ие. Шанельдің басты ұстанымы:"Әдемілік – қарапайымдылықта"! Шанель сән әлеміне ең әуелі кербездікті әкелді. Ол өз тәжірибесінде әйелдер шалбары мен блейзерді ойлап тапты. Ғасыр өтсе де Шанель үлгісіндегі твид немесе жакард матадан тігілген костюмдер әлі де сұранысқа ие.

Өмір бойы еңбектенген Шанель идеясы нәтижесінде бүгінгі таңда империясы 160 миллион доллар табыс табады екен.

Келесі кезекте Коко ұсынған бірнеше кеңеске көз жүгіртейік.

Шалбар – қыз баланың өзін еркін ұстауына септігі мол. Коко Тұрмста шолақ шалбар мен классикалық үлгідегі қымбат свитерлерді үйлестіре киген. Ал кешкі салтанаттарға кең шалбармен шығатын болған.

Белдемше – Коко міні жоқ белдемше тізені жауып тұру керек деп санаған. Сол үшін де классикалық үлгідегі түзу және етегі жңішке белдемшелерді шығарған.

Нағыз костюм ер және әйел мінезді келеді. Шанельдің ойлап тапқан костюмдері еркекшора стиліне келетін еді. Көбіне бұл үлгі балалықтың бейнесін сомдайтын.

Сөмке пішіні кішкентай әрі нәзік келуі керек. Яғни, ридикюль.

 Пиджак жеңіл әрі жұмсақ болуы шарт.

Сәнді аяқ киім екі түрлі болады. Шанель ойлап тапқан туфли – ұшы қара, лакталан, ақ түсті, жеңіл келген.

Әтір киімнен де маңызды. "Әтір қолданбайтын қыз баланың  болашағы жоқ",- деген екен кезінде Коко Шанель. Сонымен қатар, "сені сүйсін десең, әтір пайдалан" деген кеңесін де есте сақтаған жөн.

"Қызға тән нәзіктікті көйлектен табуға тырысыңыз. Нәзіктік болмаса, көйлек те жоқ",- деген де кеңесті есте сақтаған жөн.

Осылай анда-санда сән әлеміне саяхат жасап тұрған дұрыс.

Ә. Жутаева