Мэрилин Монроның көйлегі бәссаудада 4,8 миллион долларға сатылды

Мэрилин Монроның көйлегі бәссаудада 4,8 миллион долларға сатылды
Фото: tengrinews.kz

Америкалық актриса Мэрилин Монроның көйлегі Лос-Анджелесте өткен бәссаудада 4,8 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды RT басылымы. Бұл туралы "Julien’s Auctions" "Twitter" желісіндегі парақшасында жазды.

Мэрилин Монро бұл көйлекпен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің туған күніне орай ән айтқан болатын. Кейіннен көйлек 3 миллион долларға бағаланған болатын. 

Айта кетейік, америкалық әншінің бұл көйлегі осыған дейін де бәссаудада сатылымға шыққан еді. Оны 17 жыл бұрын Марит Цвейг есімді қаржыгер 1,26 миллион долларға сатып алған. Ол оны арнайы микроклимат витринасында сақтап келген екен.

Дереккөз: tengrinews.kz

Ө. Сансызбай