Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Бас ұстаған модельдер

Бас ұстаған модельдер

Бас ұстаған модельдер

Сән әлемі – нағыз бәсеке алаңы. Өйткені, адамдардың барлығы тұтынатын тауарды нарыққа енгізу оңай жұмыс емес. Миланда өткен сән апталығы сән дефилесін киім үлгілерімен таныстыру үшін ұйымдастырмайтынын көрсетті. Қазір сән көрсетілімі – шоу. Ең қызықты көрсетілім ұйымдастырғандар жеңімпаз болмақ.

ыыы

Dolce&Gabbana
Dolce&Gabbana
подуимға модельдерден соң түрлі әшекейлер ілінген камералы дрондарды жіберді. Дизайнерлер заманның ағымынан қалмауға тырысса керек. Өйткені, ғаламторда жастардың арасында «Технология – жаңа қара түс» деген ұғым қалыптасқан. Яғни, нағыз сәндегі дүние.

вввVersace

Көрсетілімді орыс моделі Наталья Водянова ашты. Оның үстіне киілген жүзім түстес жылтыр пальто мен алтын түстес үлкен белбеумен таңқалдырған Versace сән ұйымының басты ерекшелігі – ашық түстер мен жылтыр екенін тағы да дәлелдегендей.

ввTod’s

Tod’s көрсетілімін 23 ақпан күні Джиджи Хадид ашты. Киімнен бөлек көрерменді еліктерген бір әшекей болды. Барлық модель қолдарына түрлі күшіктерді ұстап шықты. Джиджидің қолында француз бульдогінің күшігі болса, өзге модельдердің серігі ретінде кинг-чарльз спаниель, акита, чихуахуа тұқымдасына жататын күшіктер де шықты.

вввв

Gucci
Осы жылғы сән апталығының басты жаңалығын дәл осы сән компаниясы жасағандай. Өйткені, көрермендердің барлығы сән әлеміндегі басты нәрсе – киімді ұмытып, модельдер қолдарына ұстап шыққан әшекейлерге назар аударды: бірі айдаһар, жылан мен кесіртке алып шықса, кейбіреуі өз бастарының көшірмесін ұстап шықты.

Міне, сән әлемінде де өмір сүру үшін шоу мен бәсеке керек екенінің тағы бір айқын дәлелі.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: gq.ru
Қосылған күні: 28 ақпан 2018, 11:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.