2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсі #2

2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсі #2
Фото: artpilot.ru

Pantone түстер институтының сарапшылары 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің ең сәнді түстерін анықтады. Жаңа палитра қуанышқа толы. Барлық реңктер бір-бірін толықтыра отырып, араластырылып та қолданылады.

Жаңа палитра 16 түстен тұрады, оның ішінде Pantone төрт базалық реңкті бөлек ерекшелеп қойды. 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсіне мыналар кірді:

- сары Meadowlark және Lime Punch;
- ақшыл көк Ultra Violet және Spring Crocus;
- алқызыл Pink Lavender және Blooming Dahlia;
- қанық қызыл Cherry Tomato;
- қоңыр Chili Oil және Emperador;
- көгілдір Little Boy Blue;
- жасыл Arcadia;
- бейтарап Almost Mauve.

Басы

7. Arcadia – Аркадия

Arcadia түсі өзіне ретро стиль мен қазіргі заман нотасын қосады. Бұл жасыл түске деген жаңа, балғын және стильді көзқарас. Онша білінбейтін көгілдір реңк негізгі жасыл түске жаңалық сыйлап тұр. Arcadia түсі жеке орындауда өте жақсы көрінеді. Қалауыңызға қарай, оны ашық сұр және сарымен араластыруға болады. Сонымен қатар, ол сәнді «сарыторғай» түсімен керемет үйлесім табады.

8. Ultra Violet – Ультракүлгін

Өзіндік ерекше және күрделі Ultra Violet түсі киім үлгісіне нағыз сиқыр сыйлайды. Әдеттегіден тыс қызылкүрең түс таңғалдырып, көңіл аудартады. Ультракүлгін түсті басқа қанық реңктермен немесе тек өзін қолданған жөн.

9. Emperador – Эмперадор

Жылы қоңыр түс – нағыз күздің реңкі болса да, Pantone оны көктем-жаз мерзімінің сәнді түстерінің қатарына қосқан. Emperador барқытпен жақсы үйлеседі, ол материалды «қымбат» етіп көрсетеді. Бұл түстің өзін немесе басқа бәсеңдетілген түстермен бірге қолдануға болады.

10. Almost Mauve – Болар болмас ақшыл көк

Жеңіл алқызыл-ақшыл көк реңкі бар сәлдегүлдің нәзік гүл күлтесі – бұл түсті осылай бейнелеуге болады. Almost Mauve түсі нәзік жібекте, жайнаған атласта және шифонда жақсы көрінеді. Almost Mauve тыныш бейтарап түстер қатарына кіретіндіктен, кез келген сыртқы келбет түсіне жараса береді.

11. Spring Crocus – Көктемгі зағыпыран (крокус)

Қызба әрі айқын Spring Crocus – 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің сәнді түстеріндегі тағы бір ақшыл көк реңк. Бұл түсті жеке қолдануға немесе өзіне жақын түстермен үйлестіруге болады. Spring Crocus бұл мерзімнің Almost Mauve, Pink Lavender және Ultra Violet сәнді түстерімен жақсы үйлесім табады. Осындай алқызыл, ақшыл көк және қызылкүрең түстердің үйлесімін Anna Sui топтамасынан табуға болады. Сонымен қатар, Spring Crocus классикалық ақ және қара түспен де жарасады.

12. Lime Punch – Лайм пунші

Ашық қышқыл-сары Lime Punch  түсі – лайм шырыны секілді өткір. Бұл түсті батылдар ғана бағалай алуы мүмкін. Лайм-сары түсі күнге күйген теріде әдемі көрінеді.

А. Жапатова