Қыста сәнді көріну: кеңсе киім үлгісіне арналған идея

Қыста сәнді көріну: кеңсе киім үлгісіне арналған идея
Фото: You in Fashion

Қыста әдемі әрі нәзік көріну үшін қалай киіну керек? Күнделікті киім үлгісін ерекше аксессуарлармен безендірсеңіз, кеңсе киім үлгісіне келгенде бірнеше қатаң ережелерді сақтау керек болады.

Ақ жейде мен қара шалбар – кеңсе жұмысшысының стандартты түрі. Егер сізге кеңсе дресс-коды рұқсат етсе, топ арасынан ерекшеленуге көмектесетін стритстайл үлгілерін ұсынамыз. Олардың киім үлгісін толықтай көшіріп киюге біздегі ауа райы мүмкіндік бермесе де, кей элементтерін алуға болады.

Жейденің орнына біртүсті водолазка киіңіз. Кеңсе үлгісіне оның сұр және сарғыш түсін таңдаған жөн. Мұндай свитерлерді қарындаш белдемшемен, тік пішімді қара шалбармен немесе миди белдемшемен үйлестіріңіз. 

Сонымен қатар, қарапайым шалбардың орнына биыл сәнге айналған клеш шалбар таңдаңыз. Оны кез келген водолазкамен және жібек жейдемен үйлестіруге болады. 

Трикотаж тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қоса сәнді де көріне алады. Трикотаж киімді қою түсті шалбармен үйлестіріңіз. Бір түстің бірнеше реңктегі киімдерін бір-бірімен үйлестірсеңіз де, әдемі киім үлігісі шығады. 

Егер кеңсе ережесі қатаң болса, биыл сәнге келген шалбарлы костюмді таңдаңыз. Сұр немесе қара костюмнің торлы түрін таңдасаңыз, киім үлгісі ерекше көрінеді. 

А. Жапатова