Дресс-код ережелері

Дресс-код ережелері
Фото: Аршат Данияров, pure-t.ru

Іскерлік кездесу, үйлену тойы, кешкі ас, отырыс сындылар киімге қатысты белгілі бір ережелерді сақтауды талап етеді. Яғни мұндайда «дресс-код» ережелері сақталуы тиіс.

Белгілі бір стилді меңзейтін «дресс-код» термині Ұлыбританиядан келген. Этикетке сәйкес төмендегідей стилдер бар:

- қатаң стиль (Black Tie немесе White Tie);

- күнделікті (Casual);

- кешкілік (Black Tie Invited, Black tie Optional, Cocktail Attire, Semi-formal немесе А5).

- іскерлік (Business);

Марапаттау рәсіміне, балға «White tie» - костюм, көбелек (галстук түрі), ақ галстук пен «Black tie» - смокинг, қара көбелек-галстук сынды нұсқалар қарастырылған.

Ресми іс-шаралар

Бойжеткен «White tie» стилінде киіну үшін етегі ұзын көйлек пен биік өкшелі аяқ киім киюі тиіс. Клатч сөмке ұстап, шұлық, қолғап алуы тиіс. Қолына сағат тақпайды. Ал әшекейлер тек табиғи заттардан жасалады.

Жігіт қара фрак, шалбар, ақ жейде, көбелек-галстук, ақ немесе сұр қолғап, қара лакталған туфли киюі керек.

Бойжеткендерге арналған «Black tie» - ұзындығы тізеге дейін жететін көйлек, жабық, биік өкшелі туфли, шляпа. Ал қолғаптар қажет емес. Жігіттерге ақ жейде, қара көбелек-галстук пен қара туфли жеткілікті болады.

Ресми емес іс-шаралар

Мұндай іс-шаралардың қатарына Жаңа жылдағы мейрамханадағы отырысты, үйлену тойын, мерей тойларды кіргізуге болады. Бұл отырыстарға да қатысты дресс-код ережелері бар. Әдетте елімізде қалай киініп келу керектігін айтпайды. Ал шетелде шақыру билеттің ішіне қай ережелерге сай киініп келу керектігін жазып қояды.

«Black Tie Invited» - етегі ұзын немесе тізеге дейін жететін көйлек. Шалбармен, белдемшемен костюм киюге болады. Артық әшекейі жоқ туфли, жібек матадан тігілген аксессуарлар. Аксессуарлар бантикке ұқсатып жасалуы мүмкін.

«Creative black tie» - костюм, көйлек, көзге түсетін аксессуарлар. Жігіттер стильді қара жейде киіп, түрлі-түсті галстук таға алады. Бұл стиль классикалық аяқ киімді талап етеді. Жігіттер үшін қара туфли, ал қыздар үшін киіміне сай келетін биік өкшелі аяқ киім.


Іскерлік кездесу, сұқбат, келісім-шартқа қол қою

Іскерлік кездесу кезінде де арнайы ережелер сақталады. Джинсы, етек-жеңі кең ойылған киім, спорттық аяқ киім. Мұнымен қатар, көзге бірден түсетін әшекей-бұйымдар тақпағаны жөн. Сөмке, сағат, әшекейлер талғаммен, киімге сай таңдалуы тиіс.

Іскерлік стильдегі киімдердің түсі:

- қара көк;

- қара сұр;

- қоңыр;

- қара;

- көк-жасыл;

- ақшыл сары.

Бойжеткеннің туфлиі жабық болуы тиіс. Оның түсі үстідегі киімге толықтай сай келуі керек. Көп жағдайда қара түсті таңдалады. Ашық түсті костюмді ақшыл көк, сұр түсті, ал қара костюмді қоңыр немесе ақшыл сары туфлимен үйлестіруге болады.

Кез келген мерекелік кеш

Көңіл көтеретін, спорттық кештерге джинсы шалбар мен футболка, спорттық аяқ киім, реглан киюге болады.

Қ. Бүйенбай