Айнұр Төлеуова "Әлем аруы – 2013" байқауының финалына өте алмады

Айнұр Төлеуова "Әлем аруы – 2013" байқауының финалына өте алмады

"Қазақстан аруы" атанған Айнұр Төлеуова Индонезиядағы Бали аралында өтіп жатқан "Әлем аруы-2013" байқауының ақырғы сайысына жолдама ала алмады.

Биыл "Әлем аруы-2013" финалына Украина, Франция, Филиппин аралдары, Италия, Индонезия, Қытай, Бразилия, Ямайка, Ганна, Молдова және Испаниядан келген сұлулар қатысатын болды. Бағы жанған арулардың әрқайсысы сайыс барысында 10 ұпайдан алды, айта кетсек, бұл ұпай "Әлемнің ең сұлу 30 аруы" тізімін құрғанда үлкен әсер етеді екен. Сондай-ақ "Спортқа ең жақын ару" деген сайыста да біздің Айнұр, өкінішке орай, финалға жолдама ала алмады. Толық нәтижелер бойынша, Айнұрдың әлі бірде-бір ұпайы жоқ. Алда ұлттық киімдер мен таланттар сайысы бар.

Естеріңізге сала кетсек, "Әлем аруы-2013" байқауының ашылуы 8 қыркүйек күні өткен болатын. Ал жеңімпаз арудың есімі 28 қыркүйекте жарияланады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: missworld.com

С. А