Айнұр Төлеуова "Әлем аруы" байқауында елімізді таныстырды

Айнұр Төлеуова "Әлем аруы" байқауында елімізді таныстырды

Интернет желісінде Айнұр Төлеуова қызымыздың «Әлем аруы-2013» байқауында өзін таныстырған видео ролигі жарияланды, деп хабарлайды news.nur.kz.

20 секундтық роликте еліміздің ең сұлу аруы өзі мен қазақ елін таныстырады.

18 жастағы Айнұр «Қазақстан аруы – 2011» байқауының жеңімпазы. Қазіргі таңда киім дизайнері мамандығында оқып, бос уақытында бимен шұғылданады. Және биылғы байқауда әлемді биімен таң қалдырмақ.

Интернет желісінде тек видеолар ғана емес, байқаудағы алғашқы суреттер де жүр. Фото түсірілім Индонезиядағы Бали шипажайларының бірінде өткен. «Әлем аруы» байқауы салтанатты түрде 8 қыркүйек күні ашылды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: news.nur.kz

Қ. Бүйенбай