Күйеу бала немесе "сен менің әкеме ұқсайсың"

Күйеу бала немесе "сен менің әкеме ұқсайсың"

Қыз баланың қоғамдағы рөлі ерекше. Сондықтан қыздың тәрбиесіне аса мән беру керек. Тәрбиеде басты ескеретін жайт – әке рөлі. Әрбір әке білуі тиіс факторлармен таныса отырыңыз.

Әке қызының болашақ жарын таңдауға тікелей әсер ететінін білесіз бе?

Күйеу балаңыздың қандай болатынын білу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Айнаға қараудың өзі жетерлік. Көп әкеге бұл шындықты қабылдау қиынға соғады. Тіпті оны естудің өзі де қорқынышты. Себебі, бұл шындық үлкен жауапкершілікті мойынға артады. Бала 3-4 жасында "Эдип комплексі" атты кезеңді басынан өткереді. Нақтырақ айтқанда, қыз бала өзінің әкесін не ағасын идеал санап, оған тұрмысқа шығамын деп ойлайды. Осы шақта кішкене қыздар "Әке, мен сізге тұрмысқа шығамын" деп айтады. Мұны естіген ата-ана үрейленіп, балаға ұрыса жөнеледі. Қате әрекет.

Бала дұрыс дамуы үшін осы кезеңнен өтуі керек. Бұған ата-ана дұрыс реакция танытып, балаға кезеңді өткеруге көмектесуі қажет.

Уақыт өте келе балабақшаға барып, құрдастарымен ойнап, әкесінің "күйеу" рөліне жарамайтындығын түсініп, өзінің қатарластарымен "отбасын құру" керектігін түсінеді. Бойжеткенде махаббаттың қажеттілігінен сыңарын іздеумен болады. Осы шақта бейсаналы түрде әкесіне ұқсайтын жанды іздейді.

Ал ер балалар анасына ұқсас әйелді таңдайды. Шынайы өмірде бұған мысал әр адамның ортасынан табылады емес пе?

Сондықтан сіз өзіңіз үшін емес, аяулы да қымбат қызыңыз үшін жақсы адам, үлгілі әке болуыңыз керек. Жауапкершілік пе? Мүмкін. Алайда әркім "адам" деген атқа лайық болуға тырысуы керек емес пе? Керісінше, отбасымыздың мүшелері бізді дамуға, жақсырақ болуға септігін тигізеді.

Мінсіз адам жоқ емес. Бірақ кемшіліктерді мейлінше азайтып, жақсы қасиеттерді сіңіруге ұмтылуыңызды балаңыз жасына қарамастан сезеді. Адамгершілік, мейірімділік, сезімталдық, адалдық, қарапайымдылық, қайырымдылық, жомарттылық сияқты қасиеттер біреуге табиғаттан дарыған болса, басқаға іздеуге тура келеді. Ал егер сіз "маған тән емес қасиет" деп бейқам отыра берсеңіз, зияны отбасыңызға тиюі ғажап емес. Мінез бен қасиетті ажырата білу керек.

Бақытты болыңыз!

Сурет: ©Алексей Кострикин

Оқи отырыңыз:

"Әкесі жақсы қандай-ды, перзент қамын ойлаған"

Болашақ жарым қандай болуы керек? #3

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?

Ф. Абилова