Адамның әр қимылына мән беріңіз

Адамның әр қимылына мән беріңіз

Мүлде бейтаныс адаммен ең алғаш кездескен кезде оның сөйлеген сөзінен бөлек әр қимылын назарда ұстау керек. Өйткені көп жасырын дүниелерді әрбір сөз жасырып қалуға тырысса да, қимыл, іс-әрекет оны әшкерелеп беруі мүмкін. Бірақ, көп жағдайда сұхбаттасушыөзінің ондай қылықтарын өзі де байқамайды. Мысалы, көп өтірік айтатын немесе сіздің сұрағыңыздан бұлтарып, әңгімесіне жалғыз болса да, өтірік қыстарған адам саусағымен мұрынын түртпектей береді.

Психолог мамандардың айтуынша, адам әңгімесіне жалғандық қосса, онда оның мұрыны жыбырлап, қыши бастайды. Бұндай жағдайда адам өз-өзін басқара алмайды. Сонымен қатар, асқазан шұрылдаған жағдайда да адам өзіне «тоқтат» деп бұл жағдайды тежей алмайды.

Қарсы беттегі сұхбаттасушымен әңгімелесу барысында ақпараттың барлығы тек сөйлеген сөзбен жеткізілмейді. Сізді тыңдап отырған адам ауызша түсіндірген әңгімеңізге тек 7 пайыз көңіл аударады. Ал, қалған 43 пайыз – сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына арналады. 50 пайыз – қозғалысқа, мимикаға, сіздің әр қалт еткен қимылыңызға негізделеді.

Әлемнің барлық түпкірінде, егер кісі өзі келген жердің тілін түсінбесе бұндай жағдайда іс-қимылмен, ыммен түсіндіре бастайды. Яғни, адамның қимылы барлық тілде бірдей мағынаны білдіреді. Мысалы, егер қарсы беттегі адам басын шайқаса, «келіспеймін», «жоқ» дегені. Тек Болгарияда ғана бұл қимыл керісінше, келісімді білдіреді екен. Жер ғаламшарының кез келген тұрғыны екі иығын жоғары көтерсе, онда түсінбегенін, «білмеймін» деген сөзді жеткізгісі келгені. Ал, бір қолын көтерген адам сізден бір нәрсе сұрайын деп тұр.

Бірақ, әр елде әр түрлі мағына беретін іс-қимылдар да бар. Көбісі, бас бармақ пен сұқ саусақты қосып дөңгелек форада «ок» деп ымдасады. Ал, бұл әрекет француздарды ренжітуі мүмкін. Себебі, олардың пікірінше, сіз тұлғаны төмендетіп, «нөлсің» деген мағынаны білдіргіңіз келді деп ойлады. Ал, жапондарға осындай қимыл көрсетсе олар әлгі адамнан теріс айналып кетеді. Өйткені, олардың түсініктерінде, бұл қимыл қарыз сұрауды білдіреді.

Ғылыми деректер бойынша Жердің солтүстік бөлігіндегі адамдарға қарағанда оңтүстіктегі халықтар сөйлесу барысында іс-әрекеттерді көп қолданады. Сонымен қатар, ерлерге қарағанда қыз балалар бұндай қимылдарды жиі жасайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?