Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Өтірік жайлы таңғалдырарлық 9 дерек

Өтірік жайлы таңғалдырарлық 9 дерек

Өтірік жайлы таңғалдырарлық 9 дерек

Адамдар өтірікті көп айтады және жеңіл табыс көзіне ие болу үшін, кей жағдайда судан таза, сүттен аппақ болу үшін, кейде тіпті  өзінің тапқырлығын көрсету, мақтанып қалу мақсатында бір-бірін алдап жатады. Қалай болғанда да, адамзат өтірікке белшесінен батып кетті әрі одан шығуға талпынар емес. Назарларыңызға өтірік сөз жайлы 10 таңқаларлық дерек ұсынамыз.

1. Көздің алдамайтыны рас па?

Адам өтірік айтқанда немесе бір нәрсе жасырып қалмақ болған кезде бетке тіке қарай алмайды және көз қарашықтары бір орында тұрмайды деген теріс ой бүкіл әлемде кеңінен таралған. Психологтардың сөзіне сенер болсақ, бұл барып тұрған өтірік екен. Мамандар біреулер шындық айтса, екіншілері өтірік айтқан, бірақ, кейде екеуі де көздерін жылдам тайдырғаны байқалатын экспериментті зерттеп шыққан. Нәтижесінде өтірікшілер шыншыл қатысушыларға қарағанда, көздерін азырақ тайдырған болып шықты. Сондықтан адамның көзіне қарап, оның не өтірік, не шындықты айтып тұрғанын анықтау мүмкін емес. 

2. Өтірік айту детекторы өтірік айтады

Кейбір соттарда адамның өтірік айтып-айтпағанын анықтайтын детектордың мағлұматын дәлел ретінде қабылданатыны белгілі, алайда мұндай мәліметтердің толықтай нақтылығына сенім артуға болмайды. Жалпы, барлық өтірік айту детекторлары стресс пен үрей белгісін анықтауға негізделген, ал өтірікшілердің көбінде оның мүлдем болмауы да мүмкін – сондықтан өтірік айту детекторы арқылы алынған мәліметтерді ақиқат деп тануға болмайды.

Кейбір зерттеушілер өтірікті мидың магниттік-резонастық томографиясының мәліметі бойынша анықтайтын құрылғы жасап шығуға талпынуда, алайда мұндай әдістің тиімділігіне нақты дәлел әзірге жоқ. Қазір басқа принциптер бойынша жұмыс істейтін өтірік айту детекторларын жасап шығу эксперименттері жалғасуда.

Кейбір эксперимент барысында қызықтырарлық мағлұматтар алынған: ми қыртысына қысқа магниттік импульстердің көмегімен әсер ету арқылы адамды әдеттегіден көбірек өтірік айтуға мәжбүрлеуге болады. 

3. Адамдар өздерін жиі алдайды

Алаяқтар мен өтірікшілерден көбіне айналадағылар зардап шегетінімен, мұндай адамдар елмен қоса, өздерін де алдауы әбден мүмкін.

2011 жылы өткізілген зерттеулерге сәйкес, егер адам алдау арқылы тест тапсырмаларының жауаптарын алып, жасанды түрде нәтижелерін жоғарылатқан болса, олар жауаптардың әділетсіз жолмен келгенін біле тұра, өз қабілеттерін асыра бағалауға бейім келеді екен. Қарапайым тілмен айтқанда, адам айналадағы адамдарды алдаған секілді, өзін де оңай алдайды.

4. Уақыт тапшылығы өтірік айтуға итермелейді

Психологтардың зерттеу жұмыстарына сәйкес, өтірік көбіне алдын ала жоспарланады екен: Өтіріктің зардаптарын ойлауға уақыт болмай, жылдам шешім қабылдау керек кезде көбісі өтірік айтады. Амстердам университетінің қызметкері, психолог Шауль Шалви оны былай түсіндіреді: «Адамдар жылдам әрекет етуге мәжбүр болғанда, олар этикалық және моральдық түсініктерді елеп-ескермей, жағдайдан мүмкіндігінше максималды пайда көруге бейім. Ал адам өзінің алдағы істері мен сөздерін жақсылап ақылға салғанда, ол өтірік айтпайды».

5. Әрбір адам күніне кем дегенде бір рет өтірік айтады

Адамдардың қаншалықты жиі өтірік айтатынын анықтау мақсатында американдық ғалымдар зерттеу жұмыстарын өткізіпті. Нәтижесінде тәжірибеге келген адамдардың көп бөлігі күніне 1-2 рет өтірік айтатындықтарын мойындаған. 

6. Адамдар бір-бірін алдамаса, ортақ келісімге келмейді

Адам баласы жер бетіне енді келгенде өмір сүру оңай болмағаны белгілі және аман қалу үшін адамдар тайпаластарымен байланысу мен бірігудің түрлі жолдарын ойлап табуға мәжбүр болды.

Зерттеу жұмыстары авторларының айтуынша, өтіріктің бұған басты құрал болғаны ықтимал: «Тактикалық алдау немесе саналы түрде біреуді адастыру адамның қарақшы әрекеттері мен пиғылдары жайлы бұрмаланған көрініс беріп, өтірікшінің ынтымақтастық құруына мүмкіндік береді». Сондықтан егер адамдар бір-бірін алдамағанда, ешқашан ортақ келісімге келер алмас еді. 

7. Екі жасар бөбектер әдейі алдауы мүмкін

Егер сіз бөбектердің ниеті әрдайым таза және өз өтіріктерін түсінбегендіктен өтірік алдайды деп ойласаңыз, онда қателескеніңіз: бала психологиясын зерттеу арқылы ғалымдар балалардың жорғалауды тоқтатқаннан кейін саналы түрде өтірік айтуды үйрене бастайтынын анықтады. Тіпті екі жасар балалардың өзі әке-шешесін алдауға қабілетті екен. 

8. Саналы түрде алдау адамды ақылдырақ қылады

2005 жылы психологиялық зерттеу кезінде әрдайым өтірік айтатын адамдардың бастары істейтіні анықталды. Өзінің өтірік айтқанын білетін өтірікшілердің миында ақ заттек орташа есеппен 22-26 пайызға көбірек болады екен және білім мен интеллектке жауапты ми бөлігі мықтырақ келеді-міс. 

Зерттеу жұмыстарының жетекшісі Ялинг Янг оны былай түсіндіреді: «Жиі әрі саналы түрде алдайтын адамдарда ми түрлі түсініктер мен образдарды өзара жақсы байланыстырады. Мұндай байланыстарға адам миындағы ақ заттек жауап береді».

Мәселен, кейбір адамдарға жұмысқа кешігіп келуінің себебін ойлап табу қиын, ал сүйегіне сіңіп қалған өтірікшілер еш қиналмай-ақ шындыққа жанасатын оқиғаларды ойлап таба салады. «Нейрон байланыстарының дамуы адамға бір оқиғадан екінші оқиғаға жылдам ауысуға және көптеген идеяларды ойлап табуға мүмкіндік береді», - дейді Янг.

9. «Шындық сарысуы» адамның өтірік айтуына кедергі бола алмайды

Көптеген фильмдер мен кітаптарда натрий пентоталы ретінде кездесетін «шындық сарысуы» шын мәнісінде адамдардың «ішкі дүниесін» ашуға себепші бола алмайды. Бұл препарат тек белгілі бір уақытқа ғана психикалық фильтрлерді алып тастайды. Соның салдарынан адам тоқтаусыз сөйлей береді. Ал сол адамның аузынан шыққан сөздердің бір бөлігі шын болуы мүмкін, бірақ қалғанына сенудің қажеті жоқ. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

12267 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2013, 20:42
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2013, 21:51

Қазіргі балалар бір нәрсе айтсай "АЛЛАХ-деш АЛЛАХ-деш" деп шығадығой :lol: :lol: :lol: Сол үшін өтірік айта алмайсың.

+0
10 қыркүйек 2013, 23:06

:lol: оз басым отрик айтуга коркамын :D

+0
11 қыркүйек 2013, 10:06

Қап, адамдардың көзіне қараушы ем шын айтып тұр ма деп? :| енді қайттім

+0
11 қыркүйек 2013, 19:24

:)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев