Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сүйіктің өтірік айта ма?

Сүйіктің өтірік айта ма?

Сүйіктің өтірік айта ма?

Сенің жігітің саған адал немесе өтірікші екенін қалай байқауға болады? Бұған дейін де бұл сұраққа біраз бас қатырған едік. Бүгін өтірігін қалай ұстап алуға болатыны туралы ойланып көрейік.

Өзіңді алдауға жол берме

Оның өтірік айтып тұрғанын байқап қалсаң, дереу шешімің туралы қайтып ойланғаның жөн. Жүріп жүрген жігітің күйеуің емес, сондықтан, оның ырқына бағынып, өтіріктеріне көз жұма қараудың арты өкінішке әкелуі мүмкін. 

Өтіріктерінің белгісі:

- Ол маңызды күндерді (туған күн, сен үшін ерекше күндер, жүруді бастаған күндерің т.б.), кездесулеріңді ұмытып кете беріп, ұмытқаны үшін түрлі сылтау тауып, ақтала берсе;

- Айтып жүрген бір оқиғасын келесі ретте өңін айналдырып, басқаша қылып айтса;

- "Сенбесең, анадан сұра, мынадан сұра" деп ортақ таныстарыңды "көмекке" шақырса;

Сондай-ақ жігіттің іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріне назар аудар. Ол өзін қалай ұстап тұр? Көздері алақ-жұлақ етіп, сөйлегенде кідіріп, мүдіріп қалса, күмәнданғаның жөн. "Көз - көңілдің айнасы" демекші, көзіне тура қарағанда, көзін алып қашса, сөзінде шындық аз деген сөз.

Кездесіп тұрған кезде одан сұраған нәрсеңді телефонмен қайтып сұрап көр. Немесе бір оқиғаны (Мысалы: досының туған күніне барғандағы жайттар) мұқият тыңдап, жаттап ал да, араға біраз уақыт салып барып, сол күн туралы қайтып сұра. Жауаптарында айырма болса, өтірік айтып тұрғаны... 

Сенің шешімің

Егер сен оның өтірік айтып тұрғанын түсініп қойсаң, оған білдір. "Өтірік айтып тұрсың" деп, бірден бетіне лақ еткізгеннен, қимылыңмен, іс-әрекетіңмен ұғындырғаның жөн. Ол "Мына қыз менің өтірігімді байқап қалды ма екен?" деп біраз әуреленіп, іштей ұялсын. 

Ал егер жігітіңнің өтірік айтып тұрған, тұрмағанын мүлде біле алмай дал болсаң, оны ашық әңгімеге шақырудан басқа шара жоқ. Ол айғайлап, дауыс көтеріп, "Сен де қоймайсың" деп ашуға берілсе, өтірік айтып тұр деуге толық негіз бар. Ал егер бұл әңгімені қалыпты қабылдап, бұрын берген жауаптарын тағы да дәл солай қайталаса, оған сеніп, бұдан былай ол тақырыпты қозғамағаның жөн.

Өтірікті бәріміз де айтамыз. Сіз де айтасыз. Керек кезінде. Сондықтан, жігітіңді сұрақтың астына алмас бұрын, өзіңе де бір үңіліп қарап алғаның дұрыс. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

5173 10
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 29 қараша 2012, 18:29
Пікірлер
+0
29 қараша 2012, 17:24

қыздарды түсінем :)

+0
29 қараша 2012, 17:42

Өтірікті жақсылыққа қолдануға болады. Айтатын шығар, айтса тек жақсы болсын деп қана айтатынын білем. Мен ғой кейде түсінбей қалып жатам да, окпелетіп алам. Әй, жаңа тағы кетті өкпелеп. :x

+0
29 қараша 2012, 17:47

жігіттердің өтірігін білу кейде тым қиын ғой ...

+0
29 қараша 2012, 17:51

Рас айтасың, қыздар өтірік айтса көзінен немесе ерінінің дірілінен, немесе тақырыпты бұра қоюынан білініп қалады. Ал біздің айтқан өтірігіміді мәңгі біле алмайсыңдар :D . Біз өтірік айтқанда ерініміз түгілі кірпігіміз қозғалмайды ғой. шіркііінннн ;)

+0
03 желтоқсан 2012, 00:07

)))) қандай мықты жігіт))))

+0
29 қараша 2012, 19:24

менің өтірігімді әлі ешкім сезіп көрмеген)))

+0
29 қараша 2012, 19:25

қыз СЕНБЕУ үшін жаралған, ал жігіт МОЙЫНДАМАУ үшін жаралған! :D

+0
03 желтоқсан 2012, 00:03

"Өтірікті бәріміз де айтамыз. Сіз де айтасыз. Керек кезінде. Сондықтан, жігітіңді сұрақтың астына алмас бұрын, өзіңе де бір үңіліп қарап алғаның дұрыс" ДҰРЫС!

+0
09 желтоқсан 2012, 13:47

өтіріктіңде пайдасы көп...

+0
13 наурыз 2013, 16:13

Бірақ өтірік деген нәрсе түбі ашылады. Дәл сол кезде болмаса да, бір күн болмаса бір күн ашылатыны анық қой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...