2016 жыл сіз үшін қандай болмақ?

 2016 жыл сіз үшін қандай болмақ?

Өзіңізге ұнаған кез келген шарды таңдау арқылы 2016 жылдың сіз үшін қандай жыл болатынын біліңіз.

1-шар: Бұл жыл сіз үшін ерекше болмақ. Тіпті бүкіл өміріңізден өзгешеленіп тұратыны соншалық, сіз таңғалудан қаласыз. Есіңізде болсын! Жаңалықтың бәрі жақсылыққа апармайды. Әсіресе сіздің жағдайыңызда!

2-шар: Жыл сіз үшін романтикаға толы болмақ. Тіпті сіздің өміріңіздегі ең романтикалық жылдардың бірі болуы да ғажап емес. Айналаңыздағылардың бәрі жылулық пен махаббатқа толып тұрғандай көрінеді. Бұл сезім сізді баурап алып, айналаңызда болып жатқанның бәрінен рахат аласыз.

3-шар: Жыл сіз үшін табысты ғана емес, өміріңіздегі ең сәтті жыл болмақ. Тек ол үшін дұрыс таңдау жасай білуіңіз өте керек. Өзгеге күшіңізді жұмсамай табыс әкелетін саланы, уақыт пен орынды тани біліңіз. Дұрыс таңдау жасасаңыз мол байлыққа кенелесіз.

4-шар: Жыл сіз үшін қуанышқа толы болмақ. Қанша жерден салмақты болып бақсаңыз да күлкі мен көтеріңкі көңіл күйден қашып құтыла алмайсыз. Өйткені оған себеп те мол болмақ. Шынайы күлкіңіз көптеген жақсы адамдармен достасуға көмектеседі.

5-шар: Жыл ешқандай тосын сый мен уайым-қайғысыз өзіңіз жоспарлағандай тыныш өтеді. Анығын айтқанда бұл жыл сіз үшін өміріңіздегі шағын бір демалыс іспеттес болмақ. Денсаулығыңызға мән беріп, біраз күш жинап алыңыз.

6-шар: Бақытты жыл болмақ. Бастысы бүкіл жылдың әр сәтін ерекше сезінетін боласыз. Бақыттан басыңыз айналып, мұндай күндердің жалғаса беруінен басқаны тілемейсіз.

7-шар: Жыл мейірімге толы болмақ. Өмірдің келеңсіз жайттары мен тосыннан туар қиын-қыстау кезеңі бір жыл бойы сізге жоламайды. Айналаңыздан тек жақсылық пен мейірім шуағын көретін боласыз. Осылайша мейірімділіктің негізгі қорған екенін түсінесіз.

8-шар: Тосын сыйға толы жыл болмақ. Айталық апатқа ұшыраған ұшақтан кешігіп отырмай қаласыз. Ал қалтаңызда жүрген тиын-тебенге ұтыс билетін сатып аласыз. Осы секілді жайттар 2016 жылы өміріңізде мол болмақ.

9-шар: Уәдеге толы жыл болмақ. Анаған да, мынаған да уәде беріп, өмірдің әр саласына нақты жоспарлар құра бастайсыз. Бірақ бәрі бірдей орындала бермейді. Десе де бұлар сіздің болашағыңызға бастар нық қадам болмақ.

10-шар: Қызықты жыл болмақ. Өмір емес, сіз өзгересіз. Айналаңызды қоршағандардың барлығына қызығушылығыңыз оянып, басқа көзқараспен қарай бастайсыз. Өміріңіздің көңілсіз өтпесі анық.

11-шар: Түсініксіз жыл болмақ. Өміріңіз аяқ астынан сұрағы көп шытырман оқиғаға айналмақ. Айналаңызда көптеген түсініксіз жағдайлар орын алып жатады. Олардан сізге еш жамандық жоқ. Алайда барлығының жауабын тек жылдың соңында білетін боласыз.

12-шар: Жомарт жыл болмақ. Сондықтан ойыңызға келгеннің бәрін еш қорықпастан тілеңіз. Қалауыңыздың барлығы орындалмақ. Десе де орындалған тілектің бәрі бақыт әкелмейтінін есіңізден шығармаңыз.

13-шар: Ертегідей жыл болмақ. Тіпті сіз ештеңеге сенбейтін скептик болсаңыз да, сіздің айналаңызда ғажайыптар орын алмақ. Олардың қалай болып жатқанын сіз түсіне де, түсіндіре де алмайсыз. Ертегілер әлеміне тап болғандай ғажайып өмір сүресіз.

14-шар: Жемісті жыл болмақ. Әлдеқашан ұмыт болған жобаларыңыз аяқ астынан сізге еңбегіңіздің жемісін сыйлап қуантпақ. Ал жаңадан қолға алғандарыңыздың жөні бөлек.

15-шар: Мінсіз жыл болмақ. Елеусіз ұсақ-түйектің өзі мінсіз дәл ойыңыздағыдай болуымен қуантады. Өміріңіз сәтті қадамдарға толы болады. Ал қиындықтар сізді айналып өтпек. Өмірдің осы ағысынан ауытқып кетпеуді ойлаңыз.

16-шар: Жеңіл жыл болмақ. Айналаңызда қандай қиындық болмасын, сіз олардың ешқайсысын сезінбейсіз де. Қандай қиын мәселе болмасын сіз үшін шешімі жеңіл табылады. Өміріңізде оң өзгерістер көп болмақ.

 Дереккөз: anabol.kz 

Н. Үсенова