Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде оқушылар мен студенттерге жасатады. Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады.

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.

«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

Суреттер: kuharka.ru, student74.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

52099 0
Рейтинг: +10

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 23 тамыз 2012, 11:05
Пікірлер
+0
23 тамыз 2012, 11:31

1112 ;)

+0
20 қараша 2014, 19:24

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді,бұл мен дәл айтылған

+0
23 тамыз 2012, 11:46

2112 :)

+0
23 тамыз 2012, 11:48

1211 ))

+0
23 тамыз 2012, 12:07

:D маған нау тест қатты ұнағаны сондай 2 айдай кірмей кеткен массагетке(ажь, паролімді ұмтып қаптым:( ) кіріп тексеріп көрдім :P
2122 шықты дұп/дұрыс сипаттаған :?

+0
23 тамыз 2012, 12:13

ой менікі де дәл сіздікіндей 2122

+0
23 тамыз 2012, 12:25

Айдана егер реалда кездессек арласудан* түк шықбас еді екеумізден кажись)))), себебі, адамдарға эмоциясыз, салқынқанды қарау жақсы емес :lol:

+0
24 тамыз 2012, 00:42

:D

+0
23 тамыз 2012, 13:06

Ал Мени, мына «2122» кодымен таныгайсыз, халайык . Озиме жат ортага салкынкандылыкпен карамаган да ше, бирак уйренип кетсем озимнин жанымдай корип кетемин.... ;)

+0
23 тамыз 2012, 14:31

1222 :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
23 тамыз 2012, 14:57

1122 уақытымның жете бермейтіні рас))

+0
23 тамыз 2012, 15:42

2121 адамдардың ықпалына көп ұшырайтыным рас

+0
23 тамыз 2012, 15:45

«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

+0
24 тамыз 2012, 00:19

1111 қырсық екенім рас)))

+0
10 қазан 2012, 16:59

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды. 8-) 8-) Шынында мен сондаймын

+0
21 сәуір 2013, 17:58

1212 :D

+0
25 қазан 2013, 20:51

өтттте дурыс ekeeн )

+0
25 қазан 2013, 21:34

1122))) Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді, хе)

+0
25 қазан 2013, 22:18

«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды. Қызық.

+0
25 қазан 2013, 23:20

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады дейді. Солай болса солай шығар 8-)

+0
25 қазан 2013, 23:55

шынымды айтсам, менікі мүлде сәйкес келген жоқ! Неге?

+0
22 қыркүйек 2014, 10:08

1222-сәйкестік ;)

+0
20 қараша 2014, 19:32

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.Сәйкес келеді екен. Шынында да солай ))))))))

+1
17 сәуір 2015, 17:02

"1121" маған өте қатты ұнады. Бәріде дұрыс.

+0
21 маусым 2015, 19:45

2121

+0
28 қаңтар, 22:47

Маған 2222 шықты аздап дұрыс келеді

+0
17 наурыз, 17:39

А 1111

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...