Оқи отырыңыз

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

— Редактор бағаны —

Материал жіберу

— Жұлдызды блогтар —

Тура бір жыл бұрын...
Тура бір жыл бұрын...

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)

Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)

Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)

Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

109129 33
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 сәуір 2013, 19:47
Тегтер: психология, тест,
Пікірлер
+0
21 сәуір 2013, 19:48

7-суретті таңдап едім, дәл келді :P

+0
21 сәуір 2013, 19:56

Мен де 7-ні таңдап ем))) Өте жақсы, тура келді.

+0
21 сәуір 2013, 19:59

5 таңдадым, тұп-тура

+0
21 сәуір 2013, 20:02

5-ті менің құрбам таңдап еді, ол да тұп-тура))))

+0
21 сәуір 2013, 20:08

Мен жетіні таңдағам, бірақ дәл келмеді...

+0
21 сәуір 2013, 20:38

2ші нөмерді таңдадым) :D

+0
21 сәуір 2013, 20:39

менде 7-іні таңдаған едім

+0
21 сәуір 2013, 21:20

7-ні таңдадым :)

+0
21 сәуір 2013, 21:54

Қаншалықты күлдіргі екенімді білмедім, бірақ, қолдан келгенше қолдаудан бас тартпаймын! Таң қалам да жүрем, таңдандыра да алам! Бәрін білуге, көп білуге құмар емеспін, бірақ, бір нәрсеге қызықсам - шын қызығам! Сонымен, менікі қай терек? )

+0
21 сәуір 2013, 22:54

8 тандап едим дал тауып айтты гой :lol:

+0
21 сәуір 2013, 23:16

5-9 таңдадым, шынымен сәйкес келеді екен)))

+0
21 сәуір 2013, 23:21

5ті таңдағам, дәл ма, өтірік па білмейм :)

+0
21 сәуір 2013, 23:22

3 менікі.

+0
21 сәуір 2013, 23:37

6 :lol:

+0
22 сәуір 2013, 00:44

2-ні таңдағанмын,дәл келді ғой :)

+0
22 сәуір 2013, 10:40

3

+0
22 сәуір 2013, 11:34

2 тура екен

+0
22 сәуір 2013, 12:10

5 таңдадым. тура шықты

+0
22 сәуір 2013, 13:03

мен 6ны)

+0
22 сәуір 2013, 15:32

5)

+0
22 сәуір 2013, 19:21

әуелі 1-шіге көзім түсті, содан соң 5-ші ұнаған. Екеуінің де сипатамасы келетін тәрізді, бірін-бірі толықтырып тұр :D

+0
22 сәуір 2013, 20:33

Мен 7ні таңдап едім, дәл келді!

+0
23 сәуір 2013, 00:05

7 тандададым біртүрлі кейбіреуі келеді

+0
23 сәуір 2013, 01:43

8 таңдадым бәрі сәйкес келіп тұр

+0
24 сәуір 2013, 23:09

7 дәл солай)

+0
25 сәуір 2013, 18:17

2 номер)))))))

+0
15 сәуір 2014, 09:20

5 дал солай :D

+0
06 сәуір 2015, 15:28

8 cуретті таңдағам дәл келді

+0
06 сәуір 2015, 18:06

8 ді таңдағам,келеді.

+0
01 қаңтар, 17:36

2

+0
26 қаңтар, 22:59

8 тандадым сайкес келди

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

АҚШ-тағы қазақ патриоттары кімдер?
АҚШ-тағы қазақ патриоттары кімдер?

Көпке белгілі, өзге елден "саяси пана" сұраған кезде сол елдегі билікке қарсы...

«Қара шекпен» һәм «Ит ашуы». Бағаланбаған адалдық
«Қара шекпен» һәм «Ит ашуы». Бағаланбаған адалдық

Жақында Ғ. Мүсірепов театрына жолым түсті. Қойылым аты: «Қара шекпен». Георг...

Үздік пікір иесі анықталды
Үздік пікір иесі анықталды

16-23 мамыр аралығында суреттерге пікір жазу арқылы үздікті анықтаймыз деген едік.

Тура бір жыл бұрын...
Тура бір жыл бұрын...

Ешкім жалпағынан жатқан сегіздің бойында өмір сүре алмайды екен.

Төкіл мырза
Төкіл мырза

Бүткіл әлемді құс қанатын жайған биіктіктен көрдік...

Автор: Assel Qurman
Bookmate оқушылар 3 айда 25 000 адамға жетті
Bookmate оқушылар 3 айда 25 000 адамға жетті

activ music, activ TV және activ ұсынатын Bookmate қосымшалары жайлы

Автор: Айкона Н

Соңғы аудармалар

MONSTA X - ALL IN [kaz_sub]
MONSTA X - ALL IN [kaz_sub]

Monsta X — 2015 жылы Starship Entertainment агенттігі құрған оңтүстіккореялық хип-хоп тобы.   Топта  Шону, Вонхо, Минхек, Кихен, Хенвон, Чжухон, Айэм есімді 7 жігіт өнер көрсетеді. Топ ең алғаш 2015 жылдың 14 мамырында «Trespass» шағын альбомдарын шығарды. Топ атауының негізгі мағынасы француз тілінде «mon» - менің, ағылшын тілінде «star» - жұлдыз және  «x» - белгісіз деген мағынаны беріп, шексіз деген ұғымдағы таңба. Назарларыңызға топтың «ALL IN» әнін қазақша субтитрмен ұсынамыз.   Аударған: Сымбат Әділбек Тайминг,...

Lee Hi - MY STAR [kaz_sub]
Lee Hi - MY STAR [kaz_sub]

Lee Hi – 2012 жылдың басында өткен "K-POP STAR" музыкалық шоуының қатысушысы.  1996 жылдың 23 қыркүйегінде Оңтүстік Кореяның Пучхон қаласында дүниеге...

Адал достық/ Солнечные/ Sunny
Адал достық/ Солнечные/ Sunny

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: драма, комедия Жыл: 2011  Режиссер: Кан Хен Чхоль Рөлдерде:  Ю Хо Чжон, Чжин Хи Кен, Ко Су Хи, Хон Чжин Хи, Ли Ен Ген, Ким Сун Ген,...