Ұялшақтықтан құтылғым келеді

Ұялшақтықтан құтылғым келеді

Адамдар интроверт және экстраверт болып екі топқа бөлінеді. Шулы ортаны жақсы көретін, көп адаммен тіл табысқыш адамдар экстраверттер қатарын құраса, керісінше, жалғыздықты, тыныштықты сүйетін, өзін қоғамнан жырақта ұстайтын жандар интроверттер тобына кіреді.

«Мен тимесең, сен тиме» деп, өзімен өзі болып, ешкіммен араласпайтын адам болады, бүгінгі тақырыбымыз өзінің осындай мінезімен күрескісі келетін жандарға арналады. Адам өзі кемшілік санаған бойындағы жағымсыз қасиетпен күресу үшін, алдымен, ненің не екенін ажыратып алған жөн.

Интроверт – адамдардан алшақ, ешкім мазаламайтын, тыныш жерде өзін жайлы да бақытты сезінеді. Ал ұялшақ адам – жиындарда, отырыстарда, адамдар жиналған жерде бойын қорқыныш сезімі билеп, өзін ыңғайсыз сезінеді. Бөтен кісімен араласудан жай ғана тартынады.

Адам өзінің сырт келбетіндегі артықшылығы мен кемшілігін бес саусағындай біледі. Ал өзгеге дәл өзіне қарағандай үңіліп қарамайды. Мысалы, киіміңіздің бір жері сәл сетінеп кеткенін өзіңіз айтпасаңыз, сырт көз бірден байқай қоймайды. Барлығы да сіз секілді, сізге өзгелердің дәл өзіңіз секілді тесіліп қарамайтынын есте ұстаңыз. Сонда ұялшақтық сезімі ақырындап азаяды.

Алдыңызға орындаулы «жеңіл» мақсат қойыңыз. Сол мақсатқа жеткенде өзіңізге деген сенімділік күшейе түседі. Өзіне сенімді адам өзін қай жерде қалай ұстау керегін беске біледі. «Мына қылығым дұрыс емес», «өткен жолы осылай етіп едім, үнемі қателесе беремін» өзіңізді сынап-мінеу орнына, қателіктен сабақ алуды ғана ойлаңыз.

Өзгелерден ерекше қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз, қағазға түсіруге, ерінсеңіз ойша жазуға да болады. Ерекше қасиет кез келген адам бойында болады, тек соны бағалап, ескере білу керек. Мысалы, тек сіз ғана қамырды ең жақсы илейтін шығарсыз. Мүмкін, сіздің ғана шашыңыз ұзын әрі қалың болар. Сізде ғана тың идеялар ойыңызда сайрап жатқан шығар. Адам өз бағасын жете білген сайын, өзін әлдеқайда жоғары құрметтейтін болады. Ал өзіне деген зор құрметі бар адам өзгелер ортасында сөйлеуге не үшін қысылуы керек?

Жалғасы 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?
Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?