Болашақ жарым қандай болуы керек?

Болашақ жарым қандай болуы керек?

Өмірлік жарымыз қандай болатыны бізге беймәлім. Алайда, қазірдің өзінде көптеген бойжеткендер болашақ күйеуі қандай қасиеттерге ие болу керектігі жайлы ойланып, шешім шығарған.

Сонымен, болашақ жарыңыз қандай болуы керек?

1. Сіз сенетін нәрсеге ол да сенуі керек

Егер сіз фантастикалық кейіпкерлер мен адам сенгісіз құбылыстарға шын жүректен сенсеңіз, жарыңыз мұны құрметтеуі керек. Өйткені ол сіздің жеке көзқарасыңыз бен дүниетанымыңыз. Сондай-ақ таңертең кофе ішу дәстүрі сіз үшін маңызды болса, ол үшін де өмірдің бір бөлігіне айналуы керек. Мұндай майда-шүйделер бір-біріңізді жақын ете түседі.

2. Ол сіздің ұстазыңыз болуы керек

Егер сіздер бір-біріңізді бір нәрсеге үйретпесеңіз, өміріңіз қызықсыз, бір қалыпты өтуі мүмкін. Мейлі ол аспаздық сабағы болсын, не қытай таяқшасын пайдалануды үйрету болсын, тіпті, әлемде болып жатқан жаңалықтарды біріңіз айтып, хабарлап, оны талқылап отырғаныңыздың өзі араңыздағы қарым-қатынасқа игі әсер етеді. Қызығушылықтарыңыз бір жерден табылса нұр үстіне нұр болар еді.

3. Сенім

Егер сіз үнемі оның телефонын ақтарып, бақылап, қадағалап отырсаңыз, араңызда сенім мүлде жоқ деп есептеңіз. Күндердің күнінде бір sms хат үшін ұрсысып, керісетін жағдайға жетесіз. Оған сенуге тырысуыңыз керек. Ал ол өз алдына сізге сенімді болғаны абзал.

4. Бағалау

Бір-біріңізді шын бағалауыңыз керек. Бұны «жоғалтып алудан қорқамын» деген оймен шатастырмаңыз. Бағалау дегеніміз сүйген жарыңа адал болу, оны сыйлап, тыңдай білу, оған қорған болу.

5. Түсіну

Егер бір-біріңізді түсіне алсаңыз, өміріңіз қызықты өтеді. Жарыңыздың әзілін көтере біліңіз. Бір-бірімен қалжыңдасатын жұптардың отбасылары бақытты болады. Ал қабағы түйіліп, кірпігіне мұз қатып отыратын адамдар арасында махаббат қанша уақытқа жетеді?

Жалғасы бар...

Сурет: ©Владимир Акуленко

Оқи отырыңыз:

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Ғашық жігітке тән 5 қасиет

Нағыз ер жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?

Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?

Ф. Абилова