Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ұлы адамдардың олқылықтары

Ұлы адамдардың олқылықтары

Ұлы адамдардың олқылықтары

Адам қанша ұлы болғанымен, бәрібір пенде. Пенде баласының адамдық қасиетіне тән әлсіз тұстары да болады. Біз атын аңызға айналдырған ұлы тұлғалардың да кемшіліктері болатыны шындық.


16 ғасырдағы француздың әйгілі жазушысы Мишель де Монтеннің өз заманында шоқтығы әлдеқайда биік болды. Оның философиялық жазбаларының мазмұны тереңдігімен әлемге аты шығып, «Идеяның алтын қоймасы» атанған. Сонымен бірге бұл ұлы жазушы Францияның Бордо қаласының қала бастағындық міндетін де өтеген. Міндет уақыты бітуге аз қалғанда қаланың барлық жеріне оба ауруы тарайды. Осы кезде ол қаламен еш шаруасы болмастан жан сақтау үшін қашып кетеді. Өзге биліктегілер оның бұл қылығын қатты жазғырады. Қайта-қайта хат жазып, қайтып келуге насихаттағанымен, ол ешкімді де елеп-ескермейді. Тіпті билікті өткізіп беру салтанатына да қатыспайды. Міне, оның осынау оғаштығы тұтас өмір жолындағы ат-атағына үлкен кесірін тигізеді.

1888 жылы АҚШ-тың электр инженері Тесла мен Вестин айналмалы электр саласын дамытып, адамзат үшін бақыт жаратуға құлшынады. Алайда әйгілі ғалым Эдисон өзінің тұрақты электр саудасын дамыту үшін айналмалы электрді қолдануға қатаң қарсы тұрады. Онысымен қоймай, мол қаржы жұмсап бүкіл ақпарат құралдарын пайдалана отырып айналмалы электр энергиясын дамытуға жалған жала жабады. Бұдан да сорақысы ол электр оқиғаларын қолдан жасауға кіріседі. Бастауыш мектеп оқушыларын жалдап, көшедегі мысық пен иттерді жинап алдырып, оларға тәжірибе жасап, аяусыздықпен токқа соқтырып өлтіреді. Ол тағы Нью-Йорк штатының абақтыға жауапты бастығын ақшамен арбап, қылмыскерлерді дарға асып өлтіруден токқа соқтырып өлтіруге көндіреді. Өлім жазасының бұл түрі қолданылғаннан кейін, сол кездегі «жан алғыш әзірейіл» атанады. Бұл Эдисонның баспайдашыл, ашкөздігінің жауыздыққа ұласуы болып тарих қатпарында қалды.

Әлемге аты әйгілі суретші Пикассо Еуропадағы ең ықпалды жасампаздық қабілетіне ие көркемөнер қайраткері. Алайда ол өте нәпсіқұмар жан болған еді. Оның өмірінде жеті бірдей әйелмен болған қалыпсыз қатынасы осы салада күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан әрқилы даудың білтесіне айналған. Бір сарапшы оның жеті әйелін шығармашылығындағы жеті кезеңге бөлген. Демек, оның шығармашылық ғұмырында бұл жеті әйелдің орны ерекше болғаны анық. Алайда бұлардың екеуі жұбайы, ал қалған бесеуі көңілдестері екен. Кейбіреулер оның өмірде өте күйгелек, өзімшіл, тасбауыр болғанын айтады. Ажарынан ай жасқанған көп сұлудың жастық көктемі Пикассоның аяғына тапталып, тастанды болған деседі.

Сұлуға сұқтанғыш, әйелқұмар ұлылар жайлы айтылғанда олардың қатарынан әйгілі ғалым Эйнштейін де табылып жатады. Әйеліне адал жар бола алмаған ғалымның көңілдесінің өзі оннан асыпты. Тіпті бөле қарындасымен де өзгеше қарым-қатынасы болып, бір үйде тұрған деседі. Мұнымен қоса ол бауыр ет балаларына өте суық бауыр болған екен. Туған ұлы рухани дертке шалдыққанда, емханаға аттап баспаған көрінеді. Ал некесіз туған бір қызы туған әкесін жек көргені сонша, біраз ақпарат саласын шулатыпты. Әйгілі физика ғалымын біерулер «Ол шынында ұлы адам, бірақ, жеке өмірі, тұрмысы жағынан алғанда моральдық өлшемге толымсыз, тұрлаусыз адам» деген.

Адам баласы шынымен-ақ өте күрделі құбылыс. Олқылықтар жайлы бұл тізімді көбейтер болсақ, жетіп-артылады. Біз сырттай ұлыға балап, өнеріне бас иген қаншама ұлылардың кемшілігі тіпті жантүршігерлік. Алайда, адамның адамгершілік қасиеті табысқа жетумен өлшенбейді. Қайыршыдан да қайырымдылық қасиет табуға болады. Өмірде айналаңдағы адамдардың сый-құрметіне бөленудің өзі үлкен табыс болмақ.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

5445 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 13 мамыр 2013, 11:26
Пікірлер
+0
13 мамыр 2013, 12:30

тұрлаусыздық

+0
13 мамыр 2013, 13:43

Пикассо баяғыдан дым ұнамайтын.

+0
13 мамыр 2013, 16:28

.............

+0
13 мамыр 2013, 17:05

Ұлыларда адамдар

+0
14 мамыр 2013, 10:57

Кей ұлылардың сол мінездері болмағанда бәлкім ұлы болмайтын да шығар... кез келген жетістікте құрбан болады, мейлі ол атақ-абырой немесе уақыт болсын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...