Эйнштейн жұмбағының жауабы

Эйнштейн жұмбағының жауабы
Фото: www.pbs.org

Таңертең белгілі физик, салыстырмалы уақыт теориясының негізін салушы Альберт Эйнштейннің жұмбағын жасырған болатынбыз. Ендеше жауабының шығу жолын қарастырып керейік. 

Сегіз бен тоғызыншы деректерге мән берсек, үйлердің бір қатарда орналасқанын пайымдаймыз. Бастапқыда берілген жеңілдіктердегі дәйексөздердің бас әрібін мүмкін болған қатарға толтырамыз:

- көк, жасыл, қызыл, ақ, сары - кжқас;
- британдық, дат, неміс, норвег, швед - бдннш;
- сыра, кофе, сүт, шай, су - сксшс;
- blue master, dunhill, pall mall, prince, blends - bdppb;
- құс, мысық, ит, балық, жылқы - қмибж.

Тапсырманы орындау үшін барлық фактіні кестенің көмегімен топтастыру қажет. Деректерге көз жүгіртіп, шешімін табамыз.

Түсі кжқас    кжқас    кжқас    кжқас    кжқас   
Ұлты бдннш    бдннш   бдннш   бдннш   бдннш  
Сусыны сксшс сксшс сксшс сксшс сксшс
Темекісі bdppb bdppb bdppb bdppb bdppb
Үй жануары     қмибж     қмибж    қмибж     қмибж     қмибж    

Сегіз, тоғыз және он төртінші фактілерді ескеріп кестені толтырамыз. Толтырылған жауаптардың бас әріптерін өзге мүмкін болған қатарлардан алып отырамыз:

Түсі жқас көк жқас    жқас    жқас   
Ұлты норвег     бднш бднш     бднш бднш    
Сусыны скшс  скшс сүт скшс      скшс
Темекісі bdppb bdppb bdppb bdppb bdppb
Үй жануары    қмибж     қмибж     қмибж     қмибж     қмибж    

Төртінші дерек жасыл үйдің ақ үйдің сол жағында орналасқанын дәйектейді. Сондықтан бірінші үй ақ та, жасыл да болмайды. Ол жерге тек сары түсті үй сәйкес келіп тұр. Ал соңғы үй де жасыл бола алмайды. Бесінші дерекке орай, жасыл ортада орналаспайды. Себебі сегізінші деректе ортадағы үй иесі сүт ішеді делінген. Төртінші дерекке орай ортаға ақ түсті үй де тура келмейді. Бұл төртінші және бесінші реттік қатарға сәйкесінше жасыл мен ақ түстер келетінін дәлелдейді. Сонымен қатар, бірінші деректе британдық қызыл үйде тұратыны айтылған.

Түсі сары    көк    қызыл   жасыл     ақ    
Ұлты норвег     днш британдық     днш днш
Сусыны сшс сшс сүт кофе сшс  
Темекісі bdppb bdppb bdppb  bdppb bdppb
Үй жануары     қмибж қмибж   қмибж қмибж қмибж    

Үшінші дерекке көз жүгіртсек, дат ұлтының жасыл үйге дәл келмейтінін байқаймыз. Шайды да бірінші қатарға қоя алмаймыз. Ал екінші деректен швед үйінде ит асырайтыны белгілі. Сондықтан ит нұсқасын швед ұлты тұрмайтын үйлер қатарынан алып тастаймыз. Ал жетінші дерек норвег ұлты Dunhill шегетінін ескерсек, он бірінші факті норвег азаматына жылқы баптаушы көрші екенін айтады.

Одан бөлек, он екінші деректе Blue Master темекісін тұтатушы сыра ішетінін айғақтайды. Сондықтан сыра мүмкіндігін қалған үйлерден алып тастаймыз. Сонда норвег азаматына су қалады. Сондай-ақ, Blue Master темекісін сыра болуы мүмкін емес үйлерден алып тастаймыз. Швед ит бағатындықтан, ол көк үйге тура келмейді. Себебі ол үйде жылқы асырайды.

Түсі  сары   көк    қызыл жасыл     ақ   
Ұлты   норвег     дн британдық     нш днш   
Сусыны су сш сүт кофе сш
Темекісі   dunhill     bppb    bppb bppb bppb   
Үй жануары     қмб жылқы     қмб қмиб қмиб    

Бір көзге қарағанда оңай көрінетін логикалық тапсырманы белгілі бір алгоритммен шешу керек екенін пайымдап отырмыз.

Он бесінші деректен Blend темекісін шегетін азамат екінші үйде тұратыны белгілі. Ал алтыншы дерек бірінші үйге балық тура келмейтінін көрсетеді. Себебі онда Dunhill шылымы тұтынылады. Он үшінші дерекке көз жүгіртсек, екінші үйге неміс азаматы дәл келмейтінін көреміз. Себебі екінші үйде Prince емес, Blend тартады. Үшінші дерек екінші үйде негізінен шай ішілетінін дәйектейді. Ал соңында қалған сыра соңғы үйге сәйкес келеді. Одан бөлек, оныншы деректе норвег мысық бағатыны айтылған.

Түсі сары    көк   қызыл жасыл     ақ
Ұлты норвег     дат британдық     нш нш
Сусыны су шай сүт кофе сыра    
Темекісі dunhill blend pp pp bpp
Үй жануары     мысық    жылқы     қб қиб қиб

Енді қалған нұсқаларды орайынша қойып соңғы кестені назарларыңызға ұсынамыз.

Түсі сары көк қызыл жасыл     ақ
Ұлты норвег     дат британдық     неміс швед
Сусыны су шай сүт кофе сыра
Темекісі dunhill    blend pall mall prince blue master    
Үй жануары     мысық    жылқы     құс балық    ит
Ж. Өрісбай