Анасының арқасында данышпанға айналған ұл

Анасының арқасында данышпанға айналған ұл
Фото: youtube.com

Томас Эдисон мектептен келген соң анасына ұстазы берген бір жапырақ қағазды ұстатты. Анасы еңірегенде етегі тола отырып, ұстазы жазған хатты баласына дауыстап оқыды:

«Сіздің ұлыңыз – данышпан. Біздің мектебіміз тым кішкентай. Мұнда ұлыңыздың деңгейіндегі, оны оқыта алатын мұғалім жоқ. Өтінемін, бұдан былай өзіңіз оқытыңыз».

Арада айлар аунап, жылдар жылжиды. Анасының уақыты жетіп, қайтыс болады. Бұл кезде Эдисон өз ғасырының атағы шыққан өнертапқышы еді. Ол күндердің күнінде отбасылық мұрағатты ақтарып отырып, әлгі хатты көзі шалды. Ашып оқыды, хатта былай жазылған еді:

«Сіздің ұлыңыздың ақыл-есі дамымай қалған. Біз оны басқа балалармен бірге оқыта алмаймыз. Сондықтан оны үйде өзіңіз оқытсаңыз екен дейміз».

Эдисон сол кезде анасының не себепті көз жасын көлдеткенін ұғып, өзі бірнеше сағатты жылаумен өткізді. Есін жиған соң күнделігіне: «Томас Алва Эдисон ақыл-есі дамымай, артта қалған бала болды. Парасатты да батыр анасының арқасында өз заманының ұлы данышпанына айналды».

@. @assel_assanova