Массагеттен мәзір: Қытырлақ кәді

Массагеттен мәзір: Қытырлақ кәді
Фото: massaget.kz

Дәмді әрі пайдалы кәдіні қуырады, пісіреді және бұқтырады. Бүгін одан дайындалатын ерекше тіскебасар ұсынамыз. Оның сырты қытырлақ, ал іші жұмсақ дәмді болып шығады.

Қажетті азық-түліктер:

- 2 кәді;
- 150 г кепкен нан ұнтағы (панировочные сухари);
- 150 г ұн;
- 2 жұмыртқа;
- дәмдеуіштер.
- 4 ас қасық қаймақ;
- 1-2 сарымсақ;
- тұз бен қара бұрыш.

Алдымен кәдінің қабығынан тазартып, қалыңдығы 5-6 см болатындай етіп, бөліктерге бөлеміз. 

Кепкен нан ұнтағын бір тәрелкеге саламыз.

Жұмыртқаға аздап тұз бен басқа да дәмдеуіштер салып, шанышқымен жақсылап араластырамыз.

Бір тәрелкеге ұн саламыз.

Кәдіні ұнға бұлғаймыз. Бірден барлық кәдіні бір ыдысқа ұнмен араластырып алған ыңғайлы. 

Содан соң ұнға бұлғанған кәдіні жұмыртқа қосыпасына салып аламыз.

Содан соң оны кепкен нан ұнтағына бұлғаймыз.

Противеньге пергамент қағаз жайып, оны өсімдік майымен майлап, кәді бөліктерін қойып шығамыз. Оларды 180-200 градуста қыздырылған пеште 20-30 минут ұстаймыз. Жарты уақыт өткенде пешті ашып, әрқайсысын кейін аударып қоямыз.

Тұздық дайындау үшін қаймаққа сарымсақ, тұз, қара бұрыш және ұсақтап туралған аскөкті салып, барлығын араластырамыз.

Қытырлақ кәді дайын! 

А. Жапатова