Тез пісетін асқабақты бәліш

Тез пісетін асқабақты бәліш
Фото: subscribe.ru

Бұл бәлішті әзірлеу үшін: 

- 2 жайма;
- 300 грамм асқабақ;
- 150 грамм қатты ірімшік;
- 1 байлам бас жуа;
- 1 жұмыртқаның сары уызы;
- 4 ас қасық зәйтүн майы;
- 1 шымшым тұз керек.

Асқабақты жұқалап кесеміз де бетіне 2 ас қасық зәйтүн майын тамызамыз. Табаны қыздырып, асқабақ бөліктерінің екі жағын жақсылап қуырып аламыз. Пиязды аршып, жұқалап тураймыз. Бөлек табаға зәйтүн майын құйып, пиязды қуырып аламыз. Ірімшікті ірі үгіткіштен өткіземіз. Пешті алдын ала қыздырып қоямыз. Қамырды жібітіп, бір бөлігін төртбұрыштап жайып, қаңылтыр табаға саламыз. Қамырдың үстіне пиязды, асқабақты, сосын ірімшікті саламыз. Қамырдың шеттерінен 2 см қалдырып қоямыз. Енді қамырдың қалған бөлігін жайып, бәліштің бетіне саламыз. Қамырдың шеттерін жабыстырамыз. Жұмыртқаның сары уызына тұз қосып, көпіршіте араластырамыз да бәліштің бетіне жағамыз. Бәліштің бетін әр жерден пышақпен қиғаштап кесеміз. Енді қызып тұрған пешке салып пісіруге болады. 

Ж. Исакаев