Массагеттен мәзір: Ыстық бәліш

Массагеттен мәзір: Ыстық бәліш

Әдеттегідей жасалу жолы оңай, дәмді бәліштер топтамасының кезекті мәзірі. Манкадан жасалатын бұл бәлішті дастарханға ыстық кезінде қойған жөн.

Құрамы:

  • 300 гр ірімшік;
  • 1 стақан манка;
  • 100 гр қаймақ;
  • 1 стақан қант;
  • 3 жұмыртқа;
  • 1 шай қасық қамыр қопсытқышы;
  • 2 шай қасық ваниль қанты.
Ірімшікті езіп, жұмыртқаның сарысын, қаймақ пен қантты қосамыз.
Ваниль қантын да қосып, араластырамыз. Қантты ерітуге тырысамыз.
Манканы қамыр қопсытқышымен бөлек араластырып аламыз.
Бөлек ыдыста жұмыртқаның ағын көбіктеп араластырамыз.
Жұмыртқаның ағын ірімшікке қосып, араластырамыз.
Қамырды алдын ала майланған пішінге құямыз.
Бәлішті 45-55 минутқа пісіру пешіне 180 градусқа қоямыз.
Піскен бәлішке ыстық кезінде сүт, қоюлатылған сүт, қаймақ не тосап құямыз. Ол бәлішке сіңіп, оны жұмсақ қылады. 
Бәлішті ыстық кезінде дастарханға қойыңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А