- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Ірімшік...
Массагеттен мәзір: Ірімшік қосылған бәліш
Осыған дейін ет қосылған және айран, алма, сәбіз, орамжапырақ қосып пісірілетін бәліш мәзірлерін ұсынған едік. Бүгінгі кезекте ірімшік қосылған тойымды бәліш әзірлеу әдісін ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 250 гр ірімшік;
- 1 сарымсақ;
- қаймақ (2 ас қасық);
- сүт;
- 1 жұмыртқа;
- тұз;
- бұрыш;
Қамыр үшін
- 1 стақан сүт;
- 1 үлкен қасық қант;
- 1 шай қасық ашытқы;
- 3 немесе ¼ стақан ұн;
- 200 гр. сұйық май;
- бір салым тұз.
Бәлішке арналған қамырдың дайындалу жолын алдыңғы материалда көрсеткенбіз. Алдымен осы тәсілмен қамыр дайындап аламыз. Қамырды екі бөлікке бөліп, целлофанға саламыз. Орап, жарты сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Оған дейін ірімшік салындысын дайындаймыз.
Ірімшікті үккіштің ірі көзінен өткіземіз.
Сарымсақты ұсақтап тураймыз.
Ірімшікке сарымсақ, тұз және бұрыш қосып, 2 ас қасық қаймақпен араластырамыз.
Қаңылтыр ыдысқа противень қағазын жайып, қамырдың бірінші бөлігін қоямыз. Қамырдың үстіне ірімшік салындысын қойып шығамыз.
Бетін екінші қамырмен жабамыз. Жұмыртқаны сүтпен араластырып, бәліштің бетіне жағамыз.
180 градуста қыздырылған пеште 30-40 минут шамасында пісіреміз. Бәліш толық суығанша кеспеген жөн.
Ірімшік қосылған бәліш дайын! Ас болсын!
А. Жапатова