Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: "Ризотто" тағамы

Массагеттен мәзір: "Ризотто" тағамы

Массагеттен мәзір:

Әлем елдерінің асханасындағы танымал тағамдарды жасап үйренуді жалғастырамыз. Бүгін назарда – ризотто тағамы. Ризотто (итальян тілінен аударғанда – "кішкентай күріш") – Италияның солтүстігінде өте кең таралған тағам. Тағам туралы деректер ХІХ ғасырдан бастап кездеседі. Ризотто арборио, бальдо, падано, рома сынды жоғарғы сортты күріштермен жасалуымен ерекшеленеді. Оның жүздеген түрі бар. Мен кеше асқабақ пен ірімшік қосылған ризоттоны жасап көрдім.

 

Құрамы:

 

  • 400 гр асқабақ
  • 1 дана пияз
  • 200 гр күріш (италиялық)
  • 150 гр ірімшік
  • 150 гр сары май
  • май, тұз, бұрыш
  • тмин, ақжелкен

 

 

  Асқабақты қабығынан тазартып, жуып, төрт бұрышты етіп тураңыз.

 

  Пиязды да дәл солай тазартып, ұсақтап турау керек.

 

  Табаға құйылған майға пияз бен асқабақты салып бірнеше минут қуырасыз.

 

  Оның үстіне күріш салып, бірге қуырамыз.

 

  4-5 минуттан кейін дәмдеуіштер мен тұзды саласыз.

 

  Артынан бірден күріш батқанша су құясыз. Іздеп көрсем, италиялықтар судың орнына алдын ала дайындалған сорпаны пайдаланады екен. Мүмкіндігіңіз болса, алдын ала дайындалған сорпа қосыңыз. Күрішті бұқтырып қойыңыз, 10 минуттан кейін ашып, тағы да сол мөлшерде су құясыз.

 

  Дайын болуға шақ қалғанда ірімшік пен майды қосыңыз. Ақжелкенді де салып жіберуге болады. Тағы да 2-3 минутқа жай отқа қойып, өшіріңіз. 

Ризоттомыз дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева

Мексика асханасы: Тауық орамасы

Италия асханасы: Ірімшік пастасы

Орыс асханасы: "Олимпиада салаты"

Испан асханасы: "Паэлья" тағамы

Француз асханасы: "Анна" тағамы

Француз асханасы: "Рататуй" тағамы

Қытай асханасы: "Фунчоза" салаты


Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 сәуір 2014, 14:26
Пікірлер
+0
04 сәуір 2014, 15:40

Тағам сірә тәтті болған шығар... Жасап көретін екен

+0
04 сәуір 2014, 16:14

Уау, керемет, как раз диетический екен жасап көрмесем ертең

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.