- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Анна"...
Массагеттен мәзір: "Анна" тағамы
Әлем халықтарының асханасының ең танымал тағамдарын жасап үйренуді жалғастырамыз. Бүгін француз асханасында қонақта болмақпыз. Дайындайтын тағамымыз – "Анна" деп аталады. Классикалық мәзір саналатын бұл тағам 1870 жылы ойлап табылған. Авторы – париждік танымал мейрамхананың бас аспазы Адольф Дюглере екен. Ал тағамның атауы белгілі куртизанка Анна Делионның есіміне байланысты қойылған. Бірі қызығы – ұзақ жылдардан бері француздықтар сүйіп жейтін "Аннасы" екі ғана ингредиенттен дайындалады. Ал дәмі керемет!
Құрамы:
|
Картопты ашып, жақсылап жуамыз. |
Тазаланған картопты арнайы ыдысқа салып, отқа қойыңыз. Қайнағаннан кейін 3 минут өткенде отты өшіресіз. Тұз салуды ұмытпаңыз. |
Картопты судан сүзіп алып, суытып қоямыз. |
Картопты жұқа (сынып кетпейтіндей болсын) әрі дөңгелек етіп тураймыз. |
Майды ерітіп, ыдысқа құямыз. |
Әлгі дөңгелек картоптарды майға жақсылап шылап, бөлек ыдысқа саламыз. |
Майлы картопты табаға жайғастырамыз, әрбір қабат сайын тұз, дәмдеуіш (міндетті түрде қара бұрыш болсын) салып, аздаған май құямыз. Оны духовкаға салып, 220 градуста қалдырамыз. 30-40 минутта дайын болады. |
Тағам дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева