Массагеттен мәзір: Ірімшік пастасы

Массагеттен мәзір: Ірімшік пастасы

Аспаздық айдарында әлем елдерінің асханасындағы танымал тағамдарды жасап үйренуді жалғастырамыз. Бүгін Италия асханасында өте танымал тағам "Ірімшік пастасын" жасап көрмекпіз. Жарыңыз немесе бауырларыңыз күнделікті жасалатын макарон тағамдарынан жалықса, осы мәзірді пайдалануға кеңес береміз. Жасалуы өте оңай әрі тез піседі.

 

Құрамы:

300 гр ірімшік

200 гр спагетти

3 қызанақ

4-5 ас қасық өсімдік майы

1 пияз, 1 сарымсақ

бұрыш, тұз, аскөк

 

  Пиязды жуып, турап, табаға қуырамыз.

 

  Оның үстіне сарымсақты саламыз. Екеуін бірге қызарғанша қуыру қажет.

 

  Қызанақты жақсылап тазартқаннан кейін аса ұсақ емес етіп турап шығамыз.

 

  Қызанақты сарымсақ пен пияздың бетіне салып, тұз бен бұрыш қосыңыз.

 

  Шұңғыл ыдысқа су қайнатып, оған спагеттиді салып, 3 минут бойы тағы қайнатамыз. Қатты езіліп кетпеуін қадағалаңыз.

 


  Сол уақытта ірімшікті үккіштен өткізіп қойыңыз.

 

  Қызанақты 2 минут қуырғаннан кейін қайнатылған қамырды саласыз.

 

  Қамырдың бетіне ірімшікті салып, ерігенше қалдырып қоямыз.

Паста дайын! Асыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Орыс асханасы: "Олимпиада салаты"

Испан асханасы: "Паэлья" тағамы

Француз асханасы: "Анна" тағамы

Француз асханасы: "Рататуй" тағамы

Қытай асханасы: "Фунчоза" салаты

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева