Кірпікке арналған тушь қалай пайда болды?

Кірпікке арналған тушь қалай пайда болды?

Кірпікке арналған тушь – қыздардың сүйікті косметикасы. Бұл косметика түрі өте ертеде пайда болған. Оның сүрме, графит және мыс қоспасынан бастап сәнді құтыларға құйылған күрделі формулаларға дейін қалай дамығанын қарастырайық.

Ежелгі Мысыр

Тарихшылардың айтуынша, кірпікке арналған бірінші тушьтің пайда болуы б.з.д. IV мыңжылдыққа жатады. Ежелгі құжаттарда мысырлықтар сүрме, мыс және графиттен жасалған қара түсті жабысқақ қоспа дайындап, оны кірпік пен қасқа жаққаны жазылған. Бір қызығы, оны әдемілікке емес, көзді күн сәулесінен және жындардан сақтау үшін қолданған. Сондықтан оны тек әйелдер емес, ер адамдар да жаққан.

Оны дайындаудың басқа да әдістері болған. Мысалы, манганит, малахит және ағаш көмірі қоспасы. Тушь көне гректерде де болғаны белгілі, одан кейін ол римдіктерге барған.

Алғашқы қауіпсіз тушь

XIX ғасырдың ортасына дейін ежелгі мысырлықтардың ойлап тапқаны олардың мәдениетінің бір бөлігі болып қалды. Оның үстіне олардың қоспасы улы болды. Кірпікке арналған құралдың жаңа түрі Ұлыбританияда Виктория ханшайым басқарған кезде пайда болады. Тегі француз ағылшын саудагері Южин Риммел кірпікке арналған алғашқы тушьті ойлап табады. Оның негізгі міндеті – көзге әдемілік пен айқындық сыйлау. Бұл құралдың құрамы көмір тозаңы мен вазелиннен тұрды. Қазір оны ойлап тапқан адамның есімімен аталатын "Rimmel London" халықаралық косметика компаниясы бар. Ал кей елдер тушь сөзінің орнына "Rimmel" сөзін қолданады.

1913 жылы құрамы осыған ұқсас қоспаны химик Терри Л. Уильямс ұсынды. Ол жаңа тушьті қарындасы Мэйблге арнап жасайды. Мэйбл ақшыл кірпіктерінің себебінен күйеуге шыға алмай қаламын деп қорқатын болған. Уильямс өз өнімдерін "Maybelline" атауымен сатады: "Мэйбл" (Maybel) және "вазелин" (Vaseline) сөздерін қосады.

Ыңғайлы тушь

Риммел мен Уильямс ойлап тапқан алғашқы өнімдер қолдануға ыңғайсыз болды. Алайда, көп күттірмей, косметика нарығында жаңа құрғақ тушь түрлері пайда болды. Оның құрамы сабын мен қара бояғыштардан тұрды. Мұндай тушьтің арнайы қылқаламы бар, оны алдын ала сулау қажет.

20-жылдар

Кірпікке арналған тушь 20-жылдары кеңінен тарай бастады. Кинематограф пайда болып, экраннан голливуд актрисалары кірпікті ұзартатын және қалыңдататын тушьпен көріне бастайды. Сондықтан қуыршақ көзқарас пен ұзын кірпіктер сәнге айналды.

Суға төзімді тушь

1939 жылы Австро-Венгрияның атақты кәсіпкері Элена Рубинштейн әйелдерге жаңбыр астында жүрсе де, жыласа да, суға түссе де ағып кетпейтін суға төзімді тушь ұсынды. Ол әйелдер арасында тез танылды. Алайда кейінірек бұл тушьтің құрамында жағымсыз иіс беретін және кей адамдарда аллергия тудыратын скипидар бар екені анықталды.

50-жылдар және жаңа пішін

50-жылдары кірпікке арналған тушь әлі де қатты консистенция күйінде белгілі болды. Бірақ ол кеуіп, сынып, нәтижесінде көзге ыңғайсыздық тудырды. 1957 жылы Элена Рубинштейн тағы да инновациялық жаңалық ашты. Ол тушь формуласын өзгертіп, оны крем-лосьонға ұқсас етіп жасады және оны қазір бізге таныс цилиндр тәрізді ыдысқа құйды. Тушьті жаққыш сол ыдыстың қақпағына бекітілді.

Твигги

60-жылдар және көлемді кірпік

60-жылдары кірпікке арналған тушьтің дамығаны соншалық оны әлемнің әр бұрышындағы кез келген әйел қолжетімді бағада ала алатын болды. Сол кездің сән иконасы супермодель Твигги болды. Оның кірпігіне ұқсас көлемді кірпік сәнге айналды.

Сондай-ақ 60-жылдары косметика компаниялары түрлі-түсті тушь ұсына бастады.

2000-жылдар

Қазір барлық дерлік косметика компаниялары кірпікке арналған тушь шығарады. Оның қосымша ұзындық, көлем беретін және жақсы қайыратын түрлері көп және қазіргі тушьтің құрамы қауіпсіз, кей түрінде кірпікті күтіммен қамтамасыз ететін компонеттер бар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал