Тырнаққа арналған спрей-лак

Тырнаққа арналған спрей-лак
Фото: ivona.bigmir.net

Тырнақ бояуға ерінсеңіз, өндірушілер оның да шешімін тапты. Тырнақ бояуға арналған аэрозольдік баллондағы спрей-лакты болашақтың косметикасы десек те болады. 

Алдымен тырнаққа мөлдір лак жағыңыз. Содан соң тырнағыңызға спрей-лакты себесіз. Үстіне қайтадан мөлдір лак жағасыз. Кепкен соң, терідегі артық лакты сумен шайып, жуып тастайсыз. Жылдам маникюр дайын! 

Төмендегі видеодан спрей-лак көмегімен маникюр жасаудың жолын көре аласыз. 

А. Жапатова