Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Тырнақ бояудың сырлары

Тырнақ бояудың сырлары

Тырнақ бояудың сырлары

Маникюр бір сәтте келбетіңізді өзгерту әдістерінің бірі. Бұл өнердің де өз сырлары бар екен. Тырнақты төменде көрсетілген сурет пен ңұсқаулар бойынша ретін сақтап боясаңыз, әлбетте маникюріңіз ұзаққа сақталып, сізді қуантады. 

1. Тырнаққа бояу дұрыс жатуы үшін оның беті таза, құрғақ болуы керек және лак кетіретін сұйықтықпен сүртілгені дұрыс. Соңғысы тырнақтың бетінде май түйіршіктері қалмас үшін керек. 

2. Ең бірінші маникюр негізі деп аталатын түссіз лак жаққан дұрыс. Бұл тырнақтың сарғайып, лактың қабыршақтануына жол бермейді.

3. Тырнақтың төменгі бөлігінің ортасына лактың бір тамшысын тамызыңыз. 

4. Лакты тырнақтың шетіне дейін төменге созыңыз.

5. Жаққыштың көмегімен лакты төменнен жоғары қарай бір түзу бойымен жағыңыз.

6. Лакқа батырылған жаққышты тырнақтың ортасынан бір шетіне бағыттап, жоғары қарай бір түзу бойымен бояңыз.

7. Лакты тырнақтың шетіне мейлінше жақындатуға тырысыңыз.

8. 6-шы қадамды басқа жағынан қайталаңыз.

9. Лактың кепкенін күтіп, қажет болса, тағы бір не екі қабат жағыңыз. 

10. Үстінен түссіз лакпен боясаңыз, тырнағыңыз жылтырап, бояу ұзаққа сақталады. 

Осы жерде тырнақ бояуға құмар арулардың кезігетін бір қиындығы - лак кебуін күту. Кейде бұған уақыт болмай, біршама уақыт істеген маникюр құртылатын жағдайлар болады. Осындайға кезікпес үшін мына кеңестерге жүгініп, тырнақ бояуының кебуін қалай тездетуге болады деген сұраққа жауап алыңыз.

  • Қолдарыңызды сермеп, не қол соққандағы қимылдарды істесеңіз болады;
  • Шамалы кепкен тырнақты суық суға малыңыз, бұл лактың кебуін тездетеді. Алайда саусақтарыңызды ағып тұрған судың астына емес, суық су құйылған ыдысқа салу керек;
  • Бояуды дереу кептіру керек болса, кәдімгі шаш кептіретін феннің көмегіне жүгінсеңіз болады. Бұл жағдай үшін феннің ең суық режимін қолдануыңыз керек, тым ыстық ауа әсерінен лак біркелкі кеппей, түсі өзгеріп, бетінде көпіршіктер пайда болуы мүмкін.

Лакты жаққанда бояу тырнақ бетінен шығып, саусағыңызды былғаса, оны лак кетіретін сұйықтықпен сүрту шарт емес. Бұл жағдайда сұйықтық тырнақтағы лакты да кетіріп тастауы мүмкін. Лак кепкеннен кейін мысалға, ыдыс жусаңыз, теріге жағылған бояу оңайлықпен түседі. Жиналып қалған ыдысты да жуып тастап, маникюріңізді де реттеп аласыз.

Соңғы кеңес: Маникюрді күндіз істеген жөн.

Сурет: womanparadise.ru.

26244 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 мамыр 2012, 15:27
Пікірлер
+0
21 мамыр 2012, 16:50

Лакты кептіретін арнайы сушкалар бар. Тырнақтың үстін ерекше жылтыр етіп, оның көпке дейін бұзылмауына кепілдік беретін және лакты тез кептіретін 3 в 1 жақсы нәрсе)))

+0
23 мамыр 2012, 19:39

Құдай-ау, не деген азап,еркек болғаныма тоба... :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...