Түйіншек маникюрі

Түйіншек маникюрі
Фото: Instagram желісі

Әлеуметтік желілерде сәнгерлер күннен-күнге жаңа тренд шығарып, таңғалдырудан жалықпайды. Блогшылар шашын, ернін өте ашық түске бояп, түрлі маникюр жасайды. Жаңа технологияның дамығаны соншалық, тырнақтардың ішінде сабын көпіршіктері жүретіндей етіп, тырнаққа тоқылған жемпірді өрнектеп, кейде өз портретін де салып жатады.

Қазір әлеуметтік желіде тарап жатқан жаңа трендтің бірі  "үлпілдек" тырнақтар. Instagram желісінде блогшылар түйіншекпен безендірілген ерекше маникюр түрінің суреттерін салды. "Үлпілдек" тырнақтар кейбір сәнқой қыздарға ұнап жатса, көбісі бұл маникюр түрін ыңғайсыз деп санайды.

Ал сізге мұндай маникюр түрі ұнай ма?

А. Жапатова