- Негізгі бет
- Сымбат
- Студент: Сымбатымды қалай...
Студент: Сымбатымды қалай сақтаймын?
Студенттер таңнан кешке дейін қарбаласпен жүріп, күн ұясына батқанда ғана үйге оралады. Күні бойы жемеген тамағын асқазан демалар сәтте жейді. Күн тас төбеде тұрғанда жақсы жұмыс істейтін асқазан күннің батысына байланысты үдерісін баяулатады.
Әсіресе, оқу орнына жақын жатақханада тұратын студенттер артық жүріс, қозғалыс аз болғандықтан, ешқашан толыспайтын қыздардың өзі тез салмақ қосып алады. Себебі денсаулыққа зиянды, құндылығы жоғары тамақтармен жиі азықтанады. Жатақханада тұрып артық салмақпен қалай күресуге болады?
Егер екі не үш адамдық бөлмеде тұратын болсаңыз, ешқандай артық әлекті қажет етпейтін диеталардың бірін ұстансаңыз болады (қарбыз диетасы, алма диетасы, құлпынай, су, күріш, мұз детасы). Ал одан көп адам тұратын бөлмеге тұрақтаған болсаңыз, диетада екеніңізді бөлмелестеріңізге ескертіп қойыңыз. Түсінбеушілік туындайтын жағдайда салмақ тастаудың өзге амалдарын қарастырған абзал.
Бөлмеде адам жоқ сәтті пайдаланып, билеңіз, жаттығу жасаңыз. Кемінде, екі күнде бір рет еден жуыңыз. Әрі салмақ тастайсыз, әрі тазалық сақтайсыз. Дене шынықтыру сабағынан қалмаңыз. Аптасына екі рет барғанның өзі денсаулығыңызға жақсы әсер етеді.
Бос уақытыңызда жаяу жүріп серуендеңіз. Жаяу жүрістің дене сымбатына қаншалықты әсері барын мына материалда жазған болатынбыз.
Арықтау оңай, арық қалпыңды сақтап қалу қиын. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз.
Таңғы асты толық, түскі асты орташа, кешкі асты аз ішіңіз. Күніне екі литр су ішіп, кешке салат, жеміс-жидек секілді жеңіл тамақтармен азықтанып, асқазан алдауды айтпаса да білетін боларсыз. Біліп қана қоймай, тұрақты ұстану керек.
@. @assel_assanova