Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Жаттығу залын жұмысқа барар жолмен алмастырайық

Жаттығу залын жұмысқа барар жолмен алмастырайық

Жаттығу залын жұмысқа барар жолмен алмастырайық

Әр күні таңертең бізді жұмысқа баратын жол күтеді. Бұл қолайсыздықты жанға жағымды әрекетпен жеңуге болады. Сіздің жаттығу залына баратын уақытыңыз жоқ па? Олай болса, жұмысқа барар жолыңызды жаттығу залына айналдырыңыз.

Жыл бойы белсенді боласыз. Жаяу жүру жаттығу залынан еш кем түспейтінін ғалымдар да талай дәлелдеген. Оның да әсері ағзаға тиімді әрі одан жалықпайсыз, тоқтатпайсыз. Қадам санағышпен (шагомер) өлшесеңіз өте жақсы нәтиже береді. Ол үшін қазір телефонға арналған қосымшалар да бар.

Жастық сымбатыңызды сақтайсыз. Күніне небары бір сағат жаяу жүрген жан кез келген жаста арық қалыпқа түсе алады екен.

Күйзелістен құтылу. Жаяу жүрген адам мұңды ойларының бәрінен арылады. Үй жанында саябақ болса, «жасыл достар» — ағаштармен серуендеу – бес минут ішінде көңілді жадыратып сала береді.

Жаяу жүру пайдасы – билеумен бірдей. Тепе-теңдік сезімі мен қозғалыс үйлесімділігін күшейтеді. Ол қартаң жастағы адамдарға сынған, зақым келген жерді емдеуде таптырмас дауа.

Жаяу жүру – жүрек пен қан тамырларының қорғаны деп бекер айтылмаған. Жүріс ағзаның оңтайлы жұмыс істеуіне септігін тигізумен қатар, май ыдырату қызметін атқарады.

Жаяу жүрерге жаныңызға серік табылса, тіптен керемет. Бір сағат бойы шешімі табылмаған сұрақтарды талқылауға бірден-бір мүмкіндік болмақ.

Тек қана жолда жаяу жүріп қоймай, үйде де, жұмыста да жоғарғы қабатқа сатымен көтерілер болсаңыз, бірнеше килограмм тастаумен бірге, шымыр бөксеге ие боласыз. Қолыңызда бірнеше келі тартатын азық-түлігіңіз болса да, жеделсатыны ұмытып, баспалдақты таңдағаныңыз абзал.

1,5 километр жаяу жүріс – 10 минут жүзуге, 16 минут аэробикамен айналысуға, 12 минут футбол ойнауға жұмсаған қуатпен тең. 

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Оңғарбек Алхаров
Қосылған күні: 12 тамыз 2015, 16:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.