Жаттығулар барысында арықтау

Жаттығулар барысында арықтау

Сіз денсаулығыңыз бен сымбатыңыз жайлы ойланатын заманауи арусыз. Белсенді түрде жаттығулар жасап, спортпен шұғылданасыз. Жаттығулар барысында тезірек арықтау үшін кейбір айлаларды біліп жүріңіз.

Жаттығу кезінде ағзаңыз майлар мен көмірсуларды энергия көзі ретінде пайдаланады. Алайда ол артық майды көбірек құрту үшін не істеу керек?

  • Жаттығулардың алдында көмірсулары мол тағам жемеңіз. Салат, ботқа, шоколад, шырын... Ағза жаттығу кезінде соңғы келген көмірсуларды ғана кетіреді.
  • Жаттығуыңыз неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көбірек май жойылады. Сондықтан спортзалға кем дегенде 1,5 сағатқа барыңыз.
  • Жаттығулардың түрі де үлкен рөл ойнайды. Аэробика май кетіруге бағытталса, тренажерлар көбінесе көмірсуларға әсер етеді. Ең дұрысы екеуіне де қатысыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bellezadechicas.blogspot.com

С. А