Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Су диетасы

Су диетасы

Диетолог мамандардың ойлап тапқан небір диеталары бар. Қысқа не ұзақ мерзімді, жеміс-жидек, шоколад, емдік т.с.с. диеталардың түр-түрі бар. Алуан түрлі диеталардың ішінен пайдалы әрі нақтысын тауып-таңдау өте қиын. Уақыттың тығыздығы немесе кейбір тағамдарды сатып алу мүмкіндігінің болмауынан көптеген қыз-келіншектер өздеріне лайықты диетаны таба алмайды. Мұндай жағдайда диетолог мамандар су диестасын ұсынады.

Су – тіршіліктің басты көзі. Ол микроэлементтер мен пайдалы заттарға толы, ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей әсер етеді. Ағзаны тазартып, оны зиянды заттардан қорғайды.

Су диетасы шөл мен аштық арасындағы айырмашылықты аңғаруға жол ашады. Мысалы, адам тамақ алдында бір стакан су ішсе, оның тәбеті төмендейді немесе мүлдем жоғалады. Су ішкен жан астан бас тартуы мүмкін.

Су диетасының тәртібі жеңіл. Таңертең аш қарынға бір стакан су ішіп алу керек. Жарты сағаттан соң, таңғы асты іше беруге болады. Бұл диетада кез келген тағамды шектеусіз пайдалануға болады. Су диетасының ең тиімді тұсы осы. Ал егер қарныңыз ашса, бір стакан су ішіп жіберіңіз. Ұйықтар алдында да бір стакан су ішкен жөн.

Су диетасын ұстау кезінде сақтауға міндетті ақыл-кеңестер мен ережелерге назар аударыңыз:

  • Су таза күйінде және бір қалыпты температурада болуы керек. Қатты суық су зат алмасу процесін баяулатып, артық салмақтың болуына ықпал етеді.
  • Суды таза күйінде ішіңіз. Судың орнына шәй, шырын, кофе, шарап, сыра, газдалған су ішуге болмайды. Бұл сусындар су диетасына кері әсер етеді.
  • Ауқаттанған кезде су ішпеген жөн. Әсіресе, нан тағамдарымен ауқаттанған кезде су ішпеген абзал. Себебі, бұл әрекет артық салмақ қосуға жол ашады.
  • Су диетасы кезінде бүйрек, қуық пен өт мүшелеріне күш түседі. Сондықтан да, су диетасын 2 апта ғана ұстап, 2 апта демалыстан кейін қайта жалғастыруға болады.
  • Неғұрлым суды көп мөлшерде пайдаланса, соғұрлым пайдалы заттар шығарылады. Сондықтан да, құрамында натрий мен кальций бар минералды заттарды пайдаланған жөн. Әсіресе, салмағы 60 кг-нан төмен жандар үшін мұны естен шығарманы абзал.
  • Диетолог мамандар су диетасын жаз мезгілінде ұстауға кеңес береді. Себебі, осы кезде терлеу процесі жиірек болады.


Су диетасы артық салмақ тастаумен қатар, терінің жақсаруына, ішкі мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, көңіл-күйдің жоғары болуы мен сергектікке жол ашады.

Ескерту: кез келген диетаны ұстауға бел бумас бұрын өз дәрігеріңіздің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, барлық нұсқау-талаптарды орындаңыз.

Суреттер: shkolazhizni.ru

18968 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 21 сәуір 2012, 11:00
Пікірлер
+0
22 сәуір 2012, 01:23

Осы туралы бұрын да естіген едім, бірақ таңертең ішуді әдетке айналдыра алмай қойдым... :oops:

+0
23 сәуір 2012, 16:51

Менің ең сүйікті сусыным гой - су! Шайдың орнынна да су ішкенді жақсы көрем, пайдасы керемет екен гой сөйтсем ;)

+0
08 мамыр 2012, 16:34

мен сондай семізбін :oops: ешкандай диетага отырмайм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...