- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет күтіміне арналған...
Бет күтіміне арналған маска
Жасөспірімдердің бет терісі майланып, безеу мен ісінуге бейім. Бұл мәселелерді жайына қалдырмай, емдеуді үйренейік.
Сізге жұмыртқаның ағуызы, 3-4 тамшы шай ағашы мен крахмал қажет болады.
Ағуызды көпіршітіп, шай ағашы майы мен крахмалды қосып, қоюланғанша араластырамыз. Көздің айналасына тигізбей, бетке жағамыз. 10-15 минут толық кепкенінше күтіп, жылы сумен жуып тастаймыз. Міндетті түрде бетіңізді лосьон немесе тоникпен сүртіп, иісмай жағыңыз. Масканы ұйықтар алдында жасағаныңыз абзал.
Бұл масканы екі күн сайын 10 рет жасап тұру керек. Бір айдан кейін нәтижесін де байқайсыз. Курсты кемінде 3 айдан кейін қайталауға болады.
Сурет: widefon.com
Оқи отырыңыз:
Бетке арналған лифтинг маскалары #2
Ф. Абилова